Тәрбие жұмысы

Білім алушылардың тәрбие жұмысы сапалы маман дайындау үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. "Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы" кафедрасының тәрбиелік құрауышының басты мақсаты студенттердің, магистранттардың және докторанттардың белсенді өмір сүруіне, азаматтық өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жүзеге асыруына, олардың зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуындағы қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Кафедрада тәрбие жұмысын ұйымдастыру университеттің және ХИжБТ ЖМ тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: - Азаматтық-патриоттық: қоғамдық-саяси сауаттылыққа, көп ұлтты Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрлері мен мәдениетіне, өнеріне және дініне құрметпен ұқыпты қарауға баулу; мемлекеттік саясатты қолдауды қамтамасыз ету. - Адамгершілік және рухани: студенттерді деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетке, діннің қоғамдағы орны мен рөлін түсінуге тәрбиелеу. - Құқықтық: жастар ортасында құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу. Дене тәрбиесі: бұқаралық спортты дамыту, әуесқой спорттық жарыстарға қатысу, студенттердің спорттық бос уақытын ұйымдастыру. - Мәдени-көпшілік және шығармашылық: көркем үйірмелерге қатысу, эстетикалық талғамдық алыптастыру, студенттік көркем өнерпаздарды дамыту. - Әлеуметтік: әлеуметтік әріптестік қағидаттарын түсіндіру, студенттік еріктілер қозғалысын қалыптастыру және дамыту. Кафедрада тәрбие жұмысын әр оқытушы өз пәні аясында, тәлімгер – жеке тәртіпте, сондай-ақ апта сайын өткізілетін "Тәлімгерлік сағаттар" кезінде жүзеге асырады. Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі оқу уақытында дәрістер, практикалық сабақтар өткізу кезінде жүргізіледі. Мәселен, мысалы, зертханалық сабақтар, СОЗЖ студенттердің оқу процесіне, болашақ мамандықты игеруге жауапты көзқарасын қалыптастырады, өзіне деген талапты, тәртіпті, әлеуметтік белсенділікті, жұмысқа құрметпен қарауды тәрбиелейді. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауы студенттерді кафедраның ғылыми мектебіне тарту үшін кафедраның тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. 2-4 курс студенттері кафедраның ғылыми өміріне белсенді қатысады, тезистер мен мақалалар жариялайды, ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйлейді. Кафедрада " Мұнайшы " ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Кафедра өз жұмысында белсенді студенттерге ғана емес, оқу үлгеріміне, конкурстар мен олимпиадаларға қатысатын студенттерге де көңіл бөледі, сонымен қатар үлгерімі нашар студенттерді бақылауда ұстайды. Олар үшін ПОҚ консультациялар ұйымдастырады, сәтсіздіктің себептерін анықтау және білікті педагогикалық көмек көрсету үшін әңгімелесулер өткізеді. Оқудан тыс жұмыста академиялық топтардың тәлімгерлері үлкен рөл атқарады. Тәлімгерлік сағаттарда студенттер жоғары оқу орнының Жарғысымен, студенттердің ережелерімен және міндеттерімен; жоғары оқу орнының құрылымымен, кітапханамен, Жастар орталығымен, струденттерге қызмет көрсету орталығымен, ХИжБТ ЖМ, оқу-көрме орталығымен, спорт кешенімен және т.б. танысады, сондай-ақ жатақханада туындайтын проблемаларды шешуге көмек көрсету; топ активін таңдау және оқу жылына арналған жұмыс жоспарын жасау; тәлімгерлік сағатты өткізу уақытын айқындау және оны кестеге енгізу; тарихи, табиғи және басқа да көрікті жерлерге бару; салауатты өмір салтының алдын алу; ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауларын және басқа да маңызды құжаттарды талқылау. Студенттердің толеранттылығын тәрбиелеу ұжымның барлық мүшелерінің тең маңыздылығын мойындау, басқа адамдардың сенімдері мен олардың әрекеттерін құрметтеу негізінде оқу топтарында жағымды моральдық климаты қалыптастырады. Кәсіби-еңбек тәрбиесі бағытында: бірінші курс студенттерін Студенттерге арнау; олимпиадалар; үздік студенттік ғылыми – зерттеу жұмысына конкурстар; 4 курс студенттерінің жұмыс берушілерімен кездесулер; студенттерді жалпы қалалық сенбіліктерге тарту өткізіледі. Студенттер "Ашық есік күнін", Бос орындар жәрмеңкесін, атаулы күндер мен мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды өткізу кезінде кәсіби бағдар беру сипатындағы іс-шараларға қатысады, маңызды күндерге орайластыра отырып, театрға жорықтар ұйымдастырады. Университетте студенттердің өзекті мәселелерін шешумен айналысатын университеттің кәсіподақ комитетімен тығыз байланыста жұмыс істейтін студенттік кеңес жұмыс істейді. Осылайша, болашақ мамандардың жоғары кәсібилігі мықты адамгершілік негізде – азаматтыққа, патриотизмге, тұлғаның жоғары мәдениетіне негізделеді, сондықтан студенттерді тәрбиелеудің тиімді әдістерін іздеу, олардың белсенділігін ояту, тұрақты азаматтық ұстанымды қалыптастыру МӨжМХ кафедрасы ұжымының маңызды бағыты болып табылады.


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.