Жоғары Мектеп тарихы

"ХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ" ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХЫ

 
 
Химиялық инженерия және биотехнология Жоғары мектебінің тарихы 1943 жылдан Шымкент технологиялық құрылыс материалдары институты екі факультет болып Технологиялық факультет «Силикаттар технологиясы» мамандығы және Тау-кен факультеті «Металл емес пайдалы қазбаларды өндіру және пайдалану» мамандықтары ашылған кезден басталған және университеттің ең байырғы және ірі бөлімдерінің бірі болып саналады.1947 жылы тау-кен факультеті жабылған соң институт директоры Сафа Умбеталинніңтікелей қолдауымен Технологиялық факультет дами бастады. 1948 жылы  инженер-технолог-силикатшы мамандығы бойынша алғаш рет 28 түлек бітіріп шықты. 1948-1857 жылдар аралығында 532 маман бітірді. Ал 1957 жылы жаңа мамандықтар ашылып және материалдық база нығайып технологиялық және механикалық екі факультеттен құралған институт атауы Қазақ технологиялық институты болып өзгертілді. Институттың дамуына ректор С.Т. Сулейменовтың қосқан үлесі орасан болды. 1962 жылы химия-технологиялық факультетінде құрамында Химия-технология бағытындағы жаңа бірнеше кафедралар қосылды. Институт 1964 жылы Қазақ химия технологиялық институты болып өзгертілді.1996 жылы институт техникалық университет мәртебесін алды, осыған байланысты университет Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті болып өзгертілді. 1998 жылы университет Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетімен біріктіріліп, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып өзгертілді. 2021 жылы "Оңтүстік Қазақстан университеті" Коммерциялық емес акционерлік қоғам  болып өзгертілді.
Химия-технологиялық факультетініңнегізінде 2014 жылы Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі құрылды.
Жоғары мектеп құрамында 5 кафедра жұмыс істейді: «Бейорганикалық заттар және мұнай-химия өндірістерінің технологиясы», «Силикаттар технологиясы және металлургия», «Биотехнология», «Экология», «Химия және фармацевтикалық инженерия».

Химиялық инженерия және биотехнология Жоғары мектебінде жалпы 120 профессор оқытушылар соның ішінде 17 ғылым докторлары,27 профессорлар, 57 ғылым кандидаттары, 10  РhD докторлары және 37 ғылым магистрлері, сонымен қатар 56 « ҚР ЖОО Үздік оқытушылары» жұмыс істейді.
Қазіргі кезде 1200 аса студентбілім алуда, оның 50-60% мемлекеттік грант негізінде оқиды.
Жоғары мектепте магистратура және РhD докторантура бойынша білім беру бағдарламалары жұмыс істейді. Барлық білім беру бағдарламалары Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінде  халықаралық аккредитациясынан өтті. Жоғары мектептің жекелеген білім беру бағдарламалары: «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Отқа төзімді металл емес және силикатты материалдардың химиялық технологиясы», «Биотехнология», «Экология» ASIIN (Германия) агенттігінде халықаралық аккредиттеуден өткен.
 Көптеген жоғары мектеп түлектері елімізде және шет елдерде қоғам қайраткерлері, ірі ғалымдар, ұйымдастырушылар және өндіріс басшылары ретінде жемісті қызмет атқаруда.

Күнтізбе

Наурыз 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.