Халықаралық ынтымақтастық
- Қаралды: 403
style="height:116px; width:200px" />
561841-EPP-1-2015-1-IT-EPPKA2-CBHE-JP «IUCLAND Европа Азиялық елдерде жерлерді қорғау бойынша университеттердің халықаралық қарым-қатынасы»
Кезеңі: 01.01.2015-31.12.2017
IUCLAND - Европа Азиялық елдерде жерлерді қорғау бойынша университеттердің халықаралық қатынасы Erasmus+Бағдарламасымен қаржыландыратын («озық тәжірибелерді алмасу және инновация бойынша қарым-қатынасы») білім беру жобасы болып табылады.
IUCLAND мақсаты жерлердің деградациясына арналған оқу қызметін (оның ішінде жаздық мектептер мен семинарлар) жүзеге асыру аясында университеттер-серіктестердің халықаралық қатынасы мен жұмыс жасау болып табылады. Шындығында, жоба Европа, алыс Шығыс Азия мен Орталық Азия серіктестері арасындағы қарым-қатынасы есебінен, аймақтық және аймақтар арасындағы деңгейде халықаралық қарым-қатынастарды қарастырады.
IUCLAND жоғарғы оқу орындары қатысында, білім беру құрылымы арқылы озық тәжірибелерді және қарым-қатынас потенциалын жоғарлату жолымен жерлерді дамыту мен қорғау бойынша стратегиясының тиімділігін жоғарлатуды жоспарлайды.
Сонымен қатар, жоба консорциумы келесідей мақсаттарды қарастырады:
- ЕС және Азия елдерінде жерлер деградациясы бойынша халықаралық білім берудің нақты шамада сапасын жақсарту мен санын арттыру,
- магистранттар мен аспиранттарға мониторинг және топырақты қорғау саласында критикалық жағдайларда ойлану дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар
- Табиғи ресурстарды рационалды қолдану саласында зерттеулер жүргізу үшін барлық ЖОО-серіктестер арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты тереңдету.
Жерлер деградациясы туралы
Жерлер ресурстарының деградациясы Европа-Азиялық аймақта өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы бірнеше онжылдықта табиғи ресурстарды қорғау сұрақтары бойынша халықаралық қарым-қатынастардың нақты шамада артуы байқалады. Жерлер деградациясын топырақ сапасының төмендеу процесі ретінде қарастыруға болады.
1972 жылы Стокгольмде қоршаған орта мәселелері бойынша БҰҰ конференциясы өтті, онда мынадай шешім қабылданды, табиғи ресурстарды рационалды қолдану жаhандық экологиялық білім беруде негізгі ролді атқарады. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода жер сұрақтары бойынша Саммитте табиғи ресурстарды басқару бойынша сұрақтар кең көлемде қарастырылды.
Орталық Азия және Қытай елдерінде топырақ деградациясы бойынша мәселелер кездеседі. Шөлге айналу, яғни топырақ деградациясы, бұл өте жиі қатты құрғақшылық кезінде басталады, онда жер адам іс-әрекетін қалыпты тепе-теңдікте сақтай алмайды және жерді шөлге айналдырады. Құрғақшылық және шөлге айналу Орталық Азияның барлық елдерін қамтиды: Қазақстан жерлерінің 66% және Қырғыз Республикасының ауылшаруашылық жайылымдардың 90%. Бұл Орталық Азия елдерінің БҰҰ шөлге айналумен күресу бойынша (1994) конвенциясын ратифицирлеуге, іс-әрекеттің ұлттық жоспарын жасау және жүзеге асыру (ІӘҰЖ), аймақтық инициативаларды қалыптастыруға әсер ету, жер ресурстарын басқару бойынша (2006) Орталық –Азия елдерінің декларациясын бекіту. Қытайда егістік жерлердің 40% қоршаған ортаның кері әсері және дұрыс емес басқару нәтижесінде деградациядан зардап шегуде, бұл ауылшаруашылық культураларының өнімділігіне әсер етеді.
Осы мәліметтерге және кейбір нақты шамадағы жетістіктерге қарамастан, халықаралық және аймақтық қарым-қатынасында бұрынғыша бірқатар мәселелер пайда болады. Европа және Азия елдерінде топырақ деградациясы дәрежесін төмендету табиғи және адам ресурстарын оптималды қолдануды, қоршаған ортаға дұрыс қарым –қатынас жасауды қажет етеді.
Серіктестер
Жоба халықаралық қарым-қатынастың аймақтық деңгейде және аймақтар арасындағы деңгейде, Европалық елдер, Шығыс Азиялық елдер, Орталық Азия елдері серіктестерінің өзара қарым-қатынасы есебінен дамуына әсер етеді. Жоба
Консорциумы он екі серіктестерден тұрады, олар:
Үш европалық академиялық институттар:
UNIMOL –Молизе университеті (IT)
SUA - Нитра қаласындағы Словацкий ауылшаруашылық университеті (SK)
FAZ - Загребский университеті, ауылшаруашылық факультеті (HR)
Азиядан жетеу:
HZAU - Хуажонг қаласындағы ауылшаруашылық университеті (RPC)
ISSAS – Қытай ғылым академиясының топырақтану институты (RPC)
FJNU - Фуцзянь педагогикалық университеті (RPC)
KSTU - Раззакова атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті (КРГ)
OshTU - М.М. Адишева академик атындағы Ош технологиялық университеті (КРГ)
EKSTU – Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (КАЗ)
SKSU – М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті (КАЗ)
Кеңес беру бойынша Италиядан екі серіктес (FORMIT – миграция және интеграция технологиясы сұрақтары бойынша зерттеу қоры, STG - Giuliano студиясы)
Осы жобаның мақсаты жер ресурстарының деградациясы саласында білім беру және ғылыми зерттеулер сапасын, ақпараттық мүмкіндіктерді өзара жақсарту, сонымен қатар, жоғарғы білім беру мен кең экономикалық қоғамдық орта арасындағы байланысты бекіту.
Профессор Клаудио Коломбо IUCLAND жобасының координаторы болып табылады. Ол Молизе (Италия) университетінде топырақтану саласының профессоры және 1986 жылы Неапол Университетінде ауыл шаруашылығы саласында магистр дәрежесін, 1993 жылы Кордова Университетінде (Испания) топырақтану саласында Ph.D. дәрежесін алған.
Іс-шаралар
IUCLAND Бастапқы мәжіліс - Нанкин, 2016
IUCLAND жобасы бойынша бастапқы мәжіліс Нанкинде (RPC) 2016 жылы 12 қаңтар мен 15 қаңтар күндер аралығында өтті. Іс-шарада жоба қызметі басталғаны туралы хабарланды және серіктестерге кездесуге, жемісті қарым-қатынастар жасау үшін негіз жасалды. Кездесудің бірінші күні жобаның түйінді элементтері қарастырылды, міндеттер мен атқаратын қызметтер бөлінді, бұл қызметтер жобаның барлық кезеңінде жүзеге асады. Кездесудің екінші күні әкімшілік және қаржылық кезеңдер бойынша нақты презентация көрсетілді. Кездесудің үшінші күні жоба серіктестері кейбір тез орындалатын кезеңдер, семинарлар мен жазғы мектептерді жүргізу ерекшеліктері және мониторинг процесінің барысы талқыланды.
Басқарушы комитеттің бірінші мәжілісі –Словакия-Нитра, маусым 2016ж.
Басқарушы комитеттің бірінші мәжілісі 14 және 15 маусымда Нитрада (SUA) ауылшаруашылығы университетінде өтті. Кездесу Европалық зерттеулер және аймақтық даму факультеті деканы орынбасары Анна Бандлерова мен жоба жетекшілерін, UNIMOL –дан профессор Клаудио Коломбоны қарсы алудан басталды.
Әрі қарай, профессор Коломбо Басқару комитетінің жұмысын бастады, ол кездесудің мақсаты мен міндеттерін, жобаны жүзеге асыру барысын анықтау және жобаның келесі кезеңдерімен таныстырды.
Бұл кездесу жобаны жүзеге асыру жағдайын талдау жасау үшін, сәйкес келетін ұйымдастыру сұрақтарын талқылау, келесі жылы жүзеге асатын іс-шараларға дайындық үшін маңызды себеп болып табылады. Басқарушы комитеттің екінші мәжілісі 2017 жылы мамырда Усть-Каменогорск (Қазақстан) қаласында өтеді.
Италия еліндегі Бірінші Халықаралық Жазғы Мектебі
Жердің тозуына арналған Бірінші Халықаралық Жазғы Мектеп 5 – 10 маусым 2017 жылдың аралығында МолизеУниверситеті Кампобассо қаласыңда, Италия елінде өтті. Бұл іс шараға профессор Сапарбекова Альмира Амангелдиевна және "Биотехнология" кафедрасының студенттері Ахметова Айгерим, Ирсалиева Сабина және Садуакассова Майра қатысқан болатын.
5 Маусым 2017 жылы, жобаның IUCLAND жергілікті үйлестірушісі проф. Анжело Беллигджано,жазғы мектептің директоры профессор Клаудио Коломбо және профессор Элизабетта Салимей жазғы мектептің ресми түрде ашылуын жасаған. Жазғы мектептің бағдарламасына дәрістер, дәрістік талқылау және қорытынды ауыл шаруашылығы ферма сапарысы кірген . Жазғы мектеп 6 жұмыстық күнге (40 сағат) созылған, 15 Италия елінің және 5 әріптестік оқытушылары, арасында ОҚМУ-дың оқытушысы проф. Сапарбекова Альмира Амангелдиевна, жердің тозуына арналған тақырыптарға дәріс оқыды. Мектептің соңғы күні ауылшаруашылық фермалары сапарына барып қайтты. Сапар соңында оқу, өту туралы сертификатты рәсім түрінде табыстады
Словакия еліндегі Жазғы Мектеп
26 Маусым мен 1 шілде аралығында 2017 жылы Нитра қаласыдағы Словакия Ауыл Шаруашылық Университетіңде «Словакия еліндегі жер тозуына» деген тақырыпқа арналған Екінші Халықаралық Жазғы Мектебі іс-шарасы өткізліді.Бұл іс-шараға профессор Сапарбекова Альмира Амангелдиевна және "Биотехнология" кафедрасының студенттері Хусанова Умида, Курбаниязова Дина және Ассан Айсулу қатысқан болатын.
IUCLAND жобаның жергілікті үйлестірушісі проф. Анна Бандлерова және жазғы мектептің жетекшісі профессор Бейлек Паволпен бірге 26 маусым күні 2017 жылы ресми түрде ашылуы өткізді.Қатысушыларға жазғы мектептің негізгі бағдарламасы туралы ақпарат, ұйымдастыру мәселелері және қорытынды емтихан тұралы мәлемет ұсынылды. Бағдарламаның ажырамас бөлігі бұл Колиньяни университетіне жататын ауыл шаруашылық фермасына сапар болып табылады. Бірегей және эксперименттік Биогаз станциясына сапар бағдарламаның берінші бөлігіне жатқан . Бағдарламаның келесі бөлімі қатысушыларды тез-өсетің өсімдіктер аланына апаруы болатың. Сапар соңында оқу өту туралы сертификаттар мен стенограммасын жазба рәсіми түрде табысталды.