Халықаралық қатынастар

Ташкентте өткен Халықаралық жастар саммиті - 2018

«Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының 1 курс докторанты Жаникулов Н.Н. 2018 жылдың 29-31 наурыз аралығында Ташкентте өткен Халықаралық жастар саммиті – 2018 қатысты. Саммитке әлем бойынша 2000-нан астам өтініштер ұсынылды, соның ішінде 70 халықаралық қатысушылар таңдап алынды. Жалпы алғанда, 12 елден: Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Ресей, АҚШ, Жапония, Қытай, Корея, Малайзия және Қазақстан өкілдерінің саммитке қатысушылар ұсынылды, 25 қатысушысы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарынан болды. Саммиттің басты тақырыбы «Инновациялық технологиялар – Жеке кәсіпкерлік» болды.

Саммиттің қорытындысы бойынша Жаникулов Н.Н. Өзбекстан ағылшын тілі оқытушылары қауымдастығының басшысы Феруза Рашидовадан сертификат алды.


      ПОҚ кафедраның оқу бағдарламаларына сәйкес шет ел жоғары оқу орындарымен, мекемелерімен творчестволық байланыстары бар: Bauhaus-Universität Weimar (Fakultät Bauingenieurwesen, Bundesrepublik Deutschland); Technische Universität München (Deutschland, München, TUM); АО "Саратов шыны институты" (Россия, Саратов қ.);  Томск политехникалық халықаралық зерттеу университеті (Россия, Томск қ.); В.Г.Шухов атындағы Белгород мемлекеттік технологиялық университеті (Россия, Белгород қ.); Жоғары білім федеральды мемлекеттік бюджеттік білім мекемесі "П.И.Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университеті" (Россия, Саратов қ.); Жоғары білім федеральды мемлекеттік бюджеттік білім мекемесі "Александр Григорьевич және Николай Григорьевич Столетов атындағы Владимир мемлекеттік университеті"; М.Улугбек атындағы өзбек халықаралық университеті (Өзбекистан, Ташкент қ); Х.М.Абдуллаев атындағы геофизика және геология институты  (Өзбекистан, Ташкент қ)); Ташкент химия-технологиялық институты (ТашХТИ, Өзбекистан, Ташкент қ)); Зертхана  «Силикатты химия»  Бейорганикалық және жалпы химия институты (Өзбекистан, Ташкент қ).

ПОҚ алдынғы қатардағы шет ел университеттерінде біліктілігін жоғарылатады, тағылымдамамен өтеді: Bauhaus-Universität Weimar (Fakultät Bauingenieurwesen, Bundesrepublik Deutschland); Technische Universität München (Deutschland, München, TUM); Ньюкасл университеті (Англия); Nation Institute of Education Nanyang Technological University (Сингапур); Ортаазиялық тынықмұхитты университеті (Япония);  Томск  политехникалық халықаралық зерттеу университеті (Россия, Томск қ.); В.Г.Шухов атындағы Белгород мемлекеттік технологиялық университеті (Россия, Белгород қ.);

Кафедрада білім алушыларға, оқытушыларға дәрістер оқуға және ғылыми кеңес беруге шет ел ғалымдары тартылады: проф. Й.Планк (Plank Y.) - Universität München (Deutschland, München, TUM).

Соңғы жылдары білім алушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы айтарлықтай күшейді: Technische Universität München (Deutschland, München, TUM); University of chemistry and technology, Prague, Department of International Relations; Латвийский университет (Латвия, Рига қ)

 

 


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.