Кафедра тарихы
- Қаралды: 676
Әлемдегі қоғамдық-экономикалық және технологиялық өзгерістер күрделі міндеттерді алға тартады, олардың көпшілігі еліміздің ЖОО білім беру қызметіне байланысты. Дамыған мемлекеттердің қоғамдық құрылымының маңызды элементтерінің бірі білім саласы. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын орындау процесінде, біз білім берудің сапалы қызметін ұсынуды жоғарылатуымыз қажет, демек бұл білім беру саласының басты міндеттері болып саналады.
Ұлттық және әлемдік экономикада жүріп жатқан интеграциялық процесстер елдің бәсекелестікке қарсы тұру қабілетілігін қамтамасыз етуде білім беру сапасының атқарар қызметі орасан зор екендігін көрсетеді.
Елімізде маңызды мәселе – білім беру жүйесі, бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде. Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сәйкес болуы қажет.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ірі көп профилді ЖОО болғандықтан, Қазақстан Республикасының Оңтүстік аймағының білім беру, ғылыми, мәдени-гуманитарлық орталығы ретінде қалыптасқан, сонымен қатар ол қазіргі заманның университеті және еліміздің қарқынды дамуына ауқымды үлес қосуға қабілетті, біліктілігі жоғары мамандар дайындауды мақсат етуде.
Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы ОҚУ-де студенттерді әртүрлі бағыттарда дайындайтын 12 факультет бар. Солардың бірі-алғаш ашылған, тарихы тереңде жатқан және Қазақстанға белгілі «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі, оның деканы т.ғ.к., доцент М.Ж. Айтуреев жетекшілік жасауда.
Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы ОҚУ-де студенттерді әртүрлі бағыттарда дайындайтын 12 факультет бар. Солардың бірі-алғаш ашылған, тарихы тереңде жатқан және Қазақстанға белгілі «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі, оның деканы т.ғ.к., доцент М.Ж. Айтуреев жетекшілік жасауда.
Жоғары мектептегі биотехнология саласы ғылыми-техникалық дамудың алдыңғы қатарлы бағыттарының бірі және көптеген өндірістердің перспективті дамуына байланысты маман дайындауда.
Қазіргі уақытта биологиялық технология өте қарқындап дамуда. Биотехнологиялық әдістер микробиологиялық синтез, гендік және жасушалық, ақуызды инженерия, инженерлік энзимология, өсімдіктер мен жануарлардың және бактериялардың жасушаларын культивирлеу, биотехнологияны қолдану аймағы іс-жүзінде шексіз деуге болады.
Әлемнің барлық дамыған елдері биотехнологияны уақыттың қажеттілігіне сәйкес өндірістерді қайта құрудың негізгі әдістері ретінде, жаhанданған заманғы маңызды салалардың бірі ретінде, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеуді қарастыруда және оның дамуын қалыптастыру үшін шаралар қолдануда.
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің «Биотехнология» кафедрасы 2003 жылдың 10 қыркүйегінде құрылған. Жаңа мамандықтың дамуына, оқу-әдістемелік және материалды-техникалық базаларды жасауға үлес қосқандар қатарында т.ғ.д., профессор М.С. Сатаев, х.ғ.д., профессор К.С. Надиров, х.ғ.к., доцент Н.А. Приходько, х.ғ.д., доцент А.М. Есимова, б.ғ.к., профессор А.А. Сапарбекова, т.ғ.д., профессор Б.Ш. Кедельбаев.
«Биотехнология» кафедрасының міндеттері - белгілі білім дейгейі, біліктілігі мен үнемі өздігінен білім алуға дайын және өзгеріп отыратын жағдайларда өз уақытында бейімделу мақсатында үздіксіз білім алуды қажет ететін мамандар дайындауды кафедра меңгерушісі а/ш.ғ.к., доцент Алпамысова Гүлжайна Байқонысқызы ұйымдастыруда.
Алыс жақын шетел азаматтары «Биотехнология» кафедрасында біліктілігін жоғарылатуда. Биотехнология кафедрасында мамандарды дайындау білім берудің үш деңгейлі жүйесі бойынша жүргізеді: бакалавриат (оқу мерзімі 4 жыл); магистратура (кәсіби және ғылыми-педагогикалық бағыттар (оқу мерзімі 1 және 2 жыл); PhD докторантура (оқу мерзімі 3 жыл).
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Химиялық инжене-рия және биотехнология» жоғары мектебінде жаңа уақыт, жаңа жоба, сондықтан біздің оқу орын бір орында тұрмай алға жылжи беруде.
Кафедраның барлық оқытушылары жоғары біліктілікті білімді мамандар, олар оқытудың жаңа инновациялы-дидактикалық әдістерін игерген. Тәжірибе алмасу мақсатында «Биотехнология» кафедрасының оқытушылары біліктілігін жоғарлатуды жыл сайын алдыңғы қатарлы алыс -жақын шетелдің ЖОО іс-тәжірибеден өтуде.
М.Әуезов атындағы ОҚУ шет елдердің жоғары мектептерімен байланыс жасау туралы екі жақты келісім-шарттардың нақты санына қол қойылған және шетел университеттерімен жасалған келісім-шарттардың саны да артуда. Қазақстанда ЖОО білім беру саласында халықаралық байланыстарды жүзеге асыру қарқындап дамуда.
Елімізде шаруашылықпен айналысатындар ғана емес, болашақ ұрпақ үшін Қазақстан аумағындағы жасалып жатқан ауқымды жобалар халқымыздың ортақ мүдесі мен игілігі жолында еңбек етіп жатқан барашаға жүктеліп отырған үлкен міндет.
Шаруалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруашылығын дамытуға жол ашуда, осындай пилоттық жобаны жүзеге асыруда. Қаржыландыратын ҒЗЖ соның ішінде шаруашылық келісім-шарттары бойынша – 3 жоба кафедрада жұмыс жасауда. «Түркістан облысының шөлейт аймағындағы тозған ауыл жайылымдарын ұтымды пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу» тақырыбындағы жоба бойынша қаржыландыру көлемі: 49 млн. теңге. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д.,профессор Кедельбаев Б.Ш.
«Жануарлар және өсімдік тектес екіншілік шикізатты өңдеудің кешенді технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы жоба бойынша қаржыландыру көлемі: 250 млн.теңге. Ғылыми жетекшісі: а.ш.ғ.д., профессор Алибаев Н.Н.
«Жасыл нанотехнология және қоршаған ортаны зондтау саласында серіктестік бағдарламасын құру» тақырыбындағы жоба бойынша қаржыландыру көлемі: 37 813 $. Ғылыми жетекшісі: «Биотехнология» кафедрасының х.ғ.к.,доценті Муталиева Б.Ж. М.Әуезов атындағы Онтүстік Қазақстан университетінен, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті және Нью-Джерси (Рутгерс, АҚШ) мемлекеттік университетінің профессоры Пол Тахистовтың (Рутгерс, АҚШ) грант ұтып алған бірлескен бағдарлама бойынша жоба барысында жұмыс жасауда.
Қазақстанда ЖОО білім беру саласында және ғылыми зерттеулер сапасын, ақпараттық мүмкіндіктерді өзара жақсарту, сонымен қатар жоғарғы білім берумен экономикалық қоғамдық орта арасындағы байланысты бекітуге мүмкіндік бар.
«Биотехнология» кафедрасы өндірістік мекемелермен және ғылыми ұйымдармен тығыз байланыс жасауда. Студенттер мен магистранттар, докторанттар ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады және алыс және жақын шет елдерде (АҚШ, Испания, Германия) іс-тәжірибеден өтуге, сонымен қатар оқуын жалғастыруға мүмкіндіктері бар.
2022 жылдың 26 қарашасы мен 26 желтоқсан аралығында Хорватия Республикасы Загреб қаласының Загреб университетінен Агроөнеркәсіптік факультетінің докторы, профессоры Марко Винцекович 7M05123 - Биотехнология және 8D05120 - Биотехнология білім беру бағдарламаларының магистранттары мен докторанттарына жас ғалымдарға «Микрокапсуляция тыңайтқыштың жаңа түрі», Горизонт - 2022 жобаларында жаңа технологиялар трансферті тақырыбында семинар, дәріс оқыды.
2022 жылдың 26 мамырдан 30 мамыр аралығында «Жасыл нанотехноло-гиялар және қоршаған ортаны зондтау саласында серіктестік бағдарламасын құру» тақырыбындағы жоба бойынша АҚШ-тың Нью-Джерси штатының Рутгерс мемлекеттік университетінің «Тамақ технологиясы» кафедрасы, Тамақ технологиясы саласындағы бизнес және ғылыми бағдарламасының директоры, профессор Пол Тахистов және АҚШ-тың Нью-Джерси штатының мемлекеттік университеті халықаралық қатынастар жөніндегі деканының орынбасары Фрэнсис Элеонор Маргарет кафедрадағы жас ғалымдарға, магистранттарға және докторанттарға семинар, дәріс оқыды.
2022 жылы Өзбекстан Республикасының Абу Али ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік медицина университетінен, Чирчик мемлекеттік педагогикалық университетінен, Ташкент фармацевтикалық институтынан, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үдерісінде тәжірибе алмасу мақсатында 110-нан астам профессорлары келіп дәріс оқыды.
Профессор Марко Винцекович жаңа микрокапсуляция технологиясы, өсімдіктің екіншілік метаболиттерін өндіруді ынталандырудың инновациялық тәсілі, зиянкестерден өсімдіктердің қорғаныс жүйесін нығайтудың және олардың қоршаған ортаның жағдайларына төзімділігін арттырудың жаңа әдісі, сондай-ақ, инкапсуляцияланған агентіне қорғауға мүмкіндік беретіні туралы дәріс барысында мәлімдеме жасады.
Қазіргі таңда білімді және өндірісті интеграциялау қарқындап дамуда биотехнология индустриясының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Кафедрада бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізуде б.ғ.к., профессор А.А. Сапарбекованың жетекшілігімен «Жоғары биологиялық және тағамдық құнарлығы бар тағам өнімдерінің биотехнологиялық өндірісін жасау» бойынша, х.ғ.к., доцент А.М. Есимованың жетекшілігімен «ОҚО АӨК үшін табиғи және техногенді шикізаттан биопрепараттар, биотыңайтқыштар мен БАЗ биотехнологиялық өндірісін жасау» бойынша студенттермен магистранттармен ғылыми зерттеу жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда білімді және өндірісті интеграциялау қарқындап дамуда биотехнология индустриясының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Кафедрада бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізуде б.ғ.к., профессор А.А. Сапарбекованың жетекшілігімен «Жоғары биологиялық және тағамдық құнарлығы бар тағам өнімдерінің биотехнологиялық өндірісін жасау» бойынша, х.ғ.к., доцент А.М. Есимованың жетекшілігімен «ОҚО АӨК үшін табиғи және техногенді шикізаттан биопрепараттар, биотыңайтқыштар мен БАЗ биотехнологиялық өндірісін жасау» бойынша студенттермен магистранттармен ғылыми зерттеу жұмыстар жүргізілуде.
«Биотехнология» кафедрасының академиялық ұтқырлық бағдарламасымен магистранттары мен студенттері мен өзара білім алмасуда шетелде Польша, Лодзь каласында Лодзь университетінің Биология және қоршаған орта факультетінде 2 курс магистранты Калмаханова Арай академиялық ұтқырлық бағдарламасымен шет елдің оқу орындарымен өзара білім алмасуда.
Қазақстан бойынша Алматы технологиялық университетінде 3 курс ХТ-19-5к1 тобының студенті Қалыбай Дана, Андр Қадыржан білім алмасуда. Ақтөбе қаласы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Шегілтекова Жанагул, Мұратқызы Аяжан және Мұратқызы Айзат 3 курс ХТ-19-5к1 тобының студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасымен өзара білім алмасуда.
Дуалды білім беру бағдарламасы бойынша 6В05120-«Биотехнология» білім беру бағдарламасының студенттері Алматы қаласы «Генетика және физиология» институтында және Түркістан қаласы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де студенттер дуалды бағдарлама бойынша білім алуда.
Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің және Алматы техникалық университетінің магистранттары жыл сайын тағылымдамадан Биотехнология кафедрасының базасында өтеді.
Студенттер дәстүрлі түрде өткізілетін ғылыми практикалық конференцияға, пән бойынша олимпиадаға қатысып және студенттердің ғылыми жұмыстары Айменова Жанар Еркенқызының жетекшілігімен Республикалық байқауда Әли Жібек Арманқызы 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бакалавриат бағдарламасымен бітірушілерді жұмыспен қамту білім беру нәтижелері көрсеткішінің бірі болып табылады. Бітірушілердің көпшілігі азық-түлік, тағамдық, биотехнологиялық өнімдерді өндіру мекемелерінде, биотехнологиялық өндірістердің зертханаларында, ғылыми-зерттеу ұйымдар мен мекемелерде жұмыс жасайды, олардың қатарында ЖШС «Фудмастер», ҰО «Биотехнология», ЖШС «Шымкентсүт», ЖШС «Шымкентпиво», КазАгроИнновация «ОБМӨШҒЗИ», ЖШС «Рахат», «South Kazakhstan medical academy» орталығында, «Ecology and biology institute» базасында.
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі «Биотехнология» кафедрасының меңгерушісі Алпамысова Гүлжайна Байқонысқызының іскерлігінің арқасында белсенді жұмыс жасап Қазақстан бойынша 17 университет арасында «Атамекен» бойынша ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтинг талаптарының барлығын орындау барысында 2021 – 2022 оқу жылы 3 орын, ал 2022-2023 оқу жылы 1 орынды иеленді.
powered by social2s