Тәрбие жұмысы

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»
     7.09.2022 Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан Республикасы халқына Жолдауын насихаттау ХТ-19-6дк тобының кезекті тәлімгерлік сағаты өтті.
     Бұл мәселе бойынша топ тәлімгері А.У. Сарсенбаева сөз алды: ол ХТ-19-6дк тобының студенттеріне жаңа оқу жылының 1 қыркүйегіндегі мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан Республикасы халқына Жолдауы мазмұнымен таныстырды.
                          «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру»
   «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы негізінде «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты бойынша еліміздің Оңтүстік өңірінде киелі жерлерге, яғни, Шымкент шаһарындағы «Ұлы жеңіс күнінің 65 жылдығына арналған «Даңқ мемориалына» «Бейорганикалық және мұнайхимия өндірістерінің технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Сарсенбаева Айзада Узахбаевна және тәлімгерлік ететін ХТ-19-6дк топ студенттерімен экскурсия ұйымдастырды.
    Жасыл қала атанған Шымкент – қоғамдық-мәдени орындарға аса бай қала. Қаладағы көрікті орынның бірі – Абай атындағы мәдениет және демалыс саябағы. Дәл осы саябақта Ұлы жеңіс күнінің 65 жылдығына арналған «Даңқ мемориалы» бой көтерген. 25 қараша айында ХТ-19-6дк тобының студенттері тарихты еске түсіру мақсатында «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты бойынша еліміздің Оңтүстік өңіріндегі киелі жер «Ұлы жеңіс күнінің 65 жылдығына арналған «Даңқ мемориалына» жол тартты. Даңқ аллеясы СУ-7Б деген шын жауыргерлік тік ұшақтан басталады. Одан төменге қарай «Ер есімі, ел есінде» деген ұранмен аллея даңқ мемориалына жалғасады.  Даңқ мемориалы Ұлы Жеңістің 65 жыл толуына орай ашылған. Мемориал бір-бірімен үйлесім тапқан ескерткіштер жиынынан тұрады. Ары қарай 140000-нан астам жауынгердің есімі жазылған, көлемі 200 метр болатын тақтайшалар «Даңқ» аллеясы жалғастырады. Орта тұсында «Жұлдыз» ескерткіші орналасқан. Ескерткішті айнала 51 Кеңес Батыры мен «Даңқ» орденінің 8 толық иегерінің аты алтын түстес әріптермен жазылған. Аллеяны «Мәңгілік алау» ескерткіші жабады. Өткен тарихқа деген кішігірім саяхат, біздің бойымыздағы патриоттық күшті еселей түсті десек, артық айтпаспыз! Дәл бізбен қатарлас болған жастардың да, соғысқа аттанып, елім үшін деп ажал құшқаны олардың қандай қайсар, айбатты болғанынын дәлелі емес па?! Оларға мың тағзым, мың алғыс!!!
              «11-ақпан - ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні»    
    2023 жылдың 14 ақпан күні ХТ-21-12к тобының студенттерімен топ тәлімгері А.Ш.Кыдыралиева «11-ақпан - ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні » атты тәлімгерлік  сағатын өткізді. Аталған мерекені 2015 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Бұл күн әйелдердің ғылымға тең қол жеткізуін қамтамасыз етіп, әйелдер мен қыздардың ғылымдағы маңызды рөлін көрсетеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстанда әйел зерттеушілердің үлесі – 52%.

Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.