Тәрбие жұмысы
- Қаралды: 490
"Химиялық инженерия және биотехнология" жоғары мектебі, «Бейорганикалық және мұнайхимия өндірістерінің технологиясы» кафедрасы ұжымы 1 курс студенттерімен кездесу өткізіп, жоғарғы мектеп ішкі тәртіп, ережелерімен таныстырды. Жоғарғы мектептің бағдарламалары мен оқыту жүйесін, бағалау жүйелері мен толықтай таныстырылды. Студенттердің білім жолында басқан тағы да бір үлкен қадамдары мен құттықтап, студенттердің үлкен өмірге келген қадамдарына сәттілік тіледі. Кафедраның меңгерушісі Алтыбаев Жаксылык Мамырбекович, профессор оқытушы құрамы: Тлеуова Салтанат Талиповна, Сейтмагзимова Галина Мануиловна, Жулдызбаева Салима Есболгановна, Кошкарбаева Шайзада Тортаевна, Айзада Сарсенбаева Узахбаевна, Аманбаева Каламкас Балгабаевна, Аманбаева Каламкас Балгабаевна, Хасанходжаева Биби-Мариям Шералиқызы 1-курс студенттеріне өздерінің жылы лебіздерін айтып, алдағы оқу жылдарыңызға сәттілік тілеп, болашақ мамандықтарыңың шебері болуға тілектес екенін білдірді!!!
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінін "Химиялык инженерия және биотехнология" ЖМ белсенді студенттері және ХТ-24-19к тобының студенттері 2024 жылдын 25 қыркүйегінде "Студенттік арнау кешін" өткізді. Бұл іс-шарада қызықты би мен қатар әнде шырқалып, сыйлы қонақтарымыздың тілектеріне жалғасты. М. Әуезов атындаты ОҚУ-нің ХИжБТ ЖМ деканы, техника ғылымдарының, кандидаты, доцент Айтуреев Мұрат Жарылқасынұлына сөз беріліп, студенттерге жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Бұл іс-шараға қатысқан барлық студенттер мен қонақтарға алғысымызды білдіреміз. Мұндай кештер университетіміздің мәдени өмірін байытып, студенттер арасындағы достықты нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.