Кафедра тарихы
- Қаралды: 521
Кафедра тарихы
1949 жылы құрылған жалпы білім беретін «Химия» кафедрасы мен 2010 жылдың қыркүйек айында «Электрохимиялық өндірістер технологиясы» кафедрасының негізінде құрылған «Нанотехнология» кафедралары 2014 жылы шілде айында университет құрылымын қайта ұйымдастыру барысында біріктіріліп «Химия» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраның педагогикалық және ғылыми жұмыстарына сол кездегі белгілі ғалымдар жұмылдырылды.
Қайта құрылған «Химия» кафедрасы көптеген жылдар бойы химия-технологиялық факультетінің тәжірибелі, білімді және талантты, алдыңғы қатарлы бөлімі ретінде таныла білді.
«Химия» кафедрасы 2014 жылы қайта құрылған «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі құрамына кірді.
«Химия» кафедрасы өте маңызды және беделді білім беру бағдарламалары 6В05320-Химия, 6В07270-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы, 6В05340- «Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама» бойынша мамандар дайындады.
Химия мамандығы, «Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама» мамандануы халықаралық АСИИН аккредитациялық агенттігінің сертификатын, мемлекеттік аккредитация сертификатын (серия А, № 00000042), 21.07.08ж. «ASIIN» агенттігінен берілген халықаралық аккредитациялау сертификатын алды, соның нәтижесінде мамандық бойынша магистратура бөлімін ашуға мүмкіндік алды. 7М05320-Химия жән 7М07270-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды.
2019 жылы 6В07270-фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға лицензия алынды. 2020 жылы 7М07270 - фармацевтикалық өндіріс технологиясы ашылды. 2022 жылы ҚР БҒМ тізіліміне 6В05340-химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама ББ енгізілді. 2022 жылдың қыркүйегінде "Химия және химиялық технология негіздері" кафедрасы университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен "Химия және фармацевтикалық инженерия" кафедрасы болып өзгертілді.
Қазіргі таңда кафедрада PhD докторы, аға оқытушы Ермеков С.Р. жетекшілік етеді.
Кафедрада 4 ғылым докторы, 3 профессор, 15 ғылым кандидаттары, 2 PhD докторы, 1 магистр, 9 аға оқытушы және 8 окытушы дәріс береді.