Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай,  Химиялық

Инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің « Металлургия» кафедрасының ХТ-19-2к тобы және тәлімгері Полатова Қ.М. рухани жаңғыру аясында тәлімгерлік сағат өткізді.

Еліміздің Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай Елбасымыздың «Елдіктің жеті тұғыры» болашақ ұрпаққа, қазақстандықтарға бағдар болатын қағидаттар жиынтығы болып отыр.Елбасыныңбір-біріменүйлесімтапқанжасұрпаққаүндеуібарымыздыбағалап, тәуелсіздікдегенкиеліұғымдысақтапқалуымызғажолнұсқайды.

«Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» үндеуі, дана Абай «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың сен» - деп айтқандай, жастар тек өз білімімен  күшіне сенген, өзінің болашағы үшін білімнің қажет екенін түсінген өскелең ұрпақ кемел келешектің кепілі болатыны айқын.

“Металлургия” кафедрасының аға оқытушысы Джункабаев К.А. - 07.10.2021ж ХТ 18-2дк тобында“Домна өндірісінің металлургиясы” пәнінен “Домна пешін қалау және оның құрылғылары”тақырыбында ашық дәріс сабағын “Шымкент Темір” ЖШС-де өткізді. Ашық сабақ 4 курс студенттеріне, дуальді топқа өткізіліп, өндірістік жағдаймен байланыстырылған.Сабақты көп жылдық өндірістік тәжірибесі бар, металлургия саласының маманы жүргізгені мен ерекшеленеді.

Сабақты өткізудің негізгі мақсаты-балқыту пешінің құрылымы мен жұмысын іс-әрекетте, тікелей өндірісте қарастыру; теорияны іс-тәжірибемен ұштастыру арқылы, қара металлургия саласында білім алатын студенттердің практикалық дайындығын күшейту.

Ашық сабақ барысында Домна пешінің негізгі құрылымдық бөліктері мен қосалқы құрылғылары көрсетілді, олардың функциялары түсіндірілді. Сондай-ақ, "Шымкент Темір"ЖШС-де маркалы болат өндірісінің технологиялық процестері айқындалды.

Үздіксіз жұмыс атқарып тұрған балқыту пешінің конструкциялық құрылымын, жұмыс істеу принципін қарастыру студенттерді қызықтырғаны байқалды. Сабақтың өндірісте өткізудің негізгі мақсаты: теорияны практикамен ұштастыру болғандықтан, комиссия мүшелері тарапынан, ашық ақпараттық дәріс жақсы деңгейде өткізілді деген қорытынды берілді.

Ашық сабаққа Металлургия кафедрасының келесі ОПҚ қатысты: Шевко В.М., Битанова Г.А., Хамитова Б.М., Каратаева Г.Е., Полатова Қ.М..

                                                                                                 

 

 ХТ 21-2к тобының кураторы Абжанова А.С. топ студенттерін университеттің мұражайымен,  кітапхана мен оқу залымен,  Елбасытану орталығының жұмысымен таныстырды
Студенттер мұражай экспонаттарымен танысу барысында шынайы қызушылығын білдіріп,  мұқият тыңдады.

Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламысын іске асыру мақсатында «Түркістан облысы» бойынша республикалық 100 қасиетті орын тізіміне енген нысандарға студенттік танымдық саяхаттар сериясы ұйымдастырылды.

    

Аталмыш іс-шара студенттерге өз өңірінің тарихын жақсы білуге, тарихын тереңірек ұғынып, туған жерін сүюге, Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Сайрам өңірінің тарихи архитектуралық өңір ретінде өсуіне үлес қосуға ұмтылдырып, сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында 30 казан күні 2018ж ұйымдастырылды.

    1)Студенттер арасындағы тәрбие жұмысы кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына және тәлімгерлер жоспарына  сәйкес жүргізіледі. Топ тәлімгерлері студенттердің ағынды, аралық үлгерімін бақылайды. Бақылау апталарының нәтижелері топ жиналыстарында және кафедра отырыстарында талқыланады.

    2) Топ тәлімгерлері әрдайым № 6 жатақханаға барып тұрады, студенттердің бос уақыттарына, тұрмыстық проблемаларына қызуғышылық білдіртіп, мүмкіндіктері келгенінше шешуге жәрдем береді; сабақ жүргізетін оқытушылармен кездеседі.

    3) Жыл бойы тәлімгерлік сағаттарда ҚР нормативті-құқықтық құжаттары талқыланады. Академиялық топтарда білім сапасын жақсарту үшін жоғары квалификациядағы мамандарды халықаралық стандартарға сәйкес дайындау үшін ҚР Президентінің Қазақстан халқына  Үндеуі талқыланады.Кафедраның академиялық топтарында, ҚР Конституциясына арналған «Тәуелсіз елдің тұғыры- Ата заң» тақырыбы тәлімгерлік сағаттарда талқыланады.

    4) М.Әуезов атындағы ОҚМУ- ің 72-жылдық мерейтойына тәлімгерлік сағатын және кездесу жүргізу және ұйымдастыру. Студенттердің «Президенттік тесттер» бағдарламасы бойынш спартакиадаға  қатысуы.

    5) ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан 2050» Стратегиясы», бағдарламасын, ҚР Конституциясын, ҚР «Білім  туралы» заңын, “Expo 2017” Әлемдік көрмесін түсіндіру және талқылау.

    6) Академиялық топтар «Менің таза – Оқу орным» атты сенбілікке кестеге сай қатысып белгіленген университет ауласын тазалап және ағаштарды әктеп өз үлестерін қосуда.


2017-2018оқу жылының І жарты жылдығында «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі,

«Металлургия» кафедрасының атқарылған тәрбие жұмыстарының ЕСЕБІ

Металлургия  кафедрасының құрамындағы 10 академиялық топ 2017-2018оқу жылының  басында  бекітілген. Кафедраның 10 тәлімгері, 1-4 курстар бойынша  10  академиялық  топтарда тәлімгерлік етеді, оның  ішінде 2 академиялық топ 1-курс, 1- академиялық топ 2-курс, 3 - академиялық топ 3-курс, 4 -  академиялық топ  4-курс. 1-4 курс  студенттері кредиттік  жүйе бойынша білім алады. 1 курста оқитын студенттер саны 25студент,олардың 21-і мемлекеттік грант негізінде, 3 студент ақылы негізде оқиды, 1 студент тындаушы.  2 – курста 21 студент, олардың 20-ы грантта оқиды, 1 студент ақылы негізде оқиды.3 – курста 28 студент оқиды, олардың 27 – грант, 1 – ақылы. 4 -курста 61 студент оқиды, олардың 60 мемлекеттік грант негізінде оқиды,  1 студент ақылы негізде оқиды.  Жалпы «Металлургия» кафедрасы  бойынша  135 студент оқиды,  оның ішінде 128студент  грант негізінде,  6студент ақылы, келісім шарт негізінде  оқиды,1 студент тындаушы.  2017– 2018оқу  жылына  арналған тәрбиелік  жұмыс  жоспарының  орындалуы  төмендегі 10 бағыт бойынша  жүргізілді.

1. Ұйымдастыру жұмыстары

2. Азаматтық - патриоттық және құқықтық тәрбие

3. Рухани-адамгершілік тәрбие

4. Кәсіби-еңбек тәрбиесі

5. Діни толеранттылықтың қалыптасуы

6. Дене тәрбиесі және салауатты өмірді қалыптастыру

7. Экологиялық тәрбие

8. Интеллектуалдық және коммуникативтік мәдениетті дамыту

9. Мәдени-эстетикалық және полимәдениетті тәрбие

10. Студенттік өзін-өзі басқаруды және жастар бастамасын дамыту

І. Ұйымдастыру жұмыстары

2017-2018 оқу жылының басында «Металлургия» кафедрасының тәрбие жұмыстары бойынша жоспары жасалылынып, бекітілді. Жоспарда бағыттар бойынша тәрбиелік іс  шаралардың тізімі, орындалу мерзімі және тәрбие жұмыстарына жауапты оқытушы тәлімгерлер тағайындалды. Тәрбиелік іс шаралардың  ұйымдастыру, идеялық және тәрбиелік жұмыстары, кәсіби, рухани, интернационалдық тәрбиелеу, эстетикалық және мәдени – көпшілік іс шаралары, елге сүйіспеншілікті тәрбиелеубағыттары көрсетілді.

Кафедраның әр мәжлісінде тәрбие және тәлімгерлік жұмысқа үлкен назар бөлініп, талдаулар жасалып, хаттамаларға еңгізілді. Олар:

  1. Топ студенттерінің оқуға төлем ақысы.
  2. Студенттердің сабаққа қатысуы және сабақ үлгерімі.
  3. Бақылау апталарының нәтижелері.
  4. Топ тәлімгерлерінің есебі.

«Металлургия» кафедрасының 6 студенті №6 жатақханада тұрады..

         - 2017 жылдың 4-ші қыркүйек күні академиялық топтарғатәлімгерлер тағайындалып, 4- қыркүйек Білім күніне  арналған «Қызғалдақ» су бұрқағында іс-шара өтті. Аталған іс-шараға кафедраның 1-курс студенттері мен кафедра ұжымы белсене қатысты;

         -  9 – қыркүйек күні Бас ғимараттың акт залында 1-ші курс студенттері Университет ректоры, проректорлар және мен факультет декандарымен кездесуге қатысты.

         - 11-қыркүйек күні «Металлургия» кафедрасының ұжымы «А» корпусының 120-ші аудиториясында 1-курс студенттерімен кездесіп, оларды университет ережелерімен, білім мәлімет жинау орталықтарымен таныстырды;

- 4 – қыркүйек күні жатақхана кезекшілігі тағайындалды. Жатақхана кезекшілігі 04.09.2017 - 30.09.2017 яғни, қыркүйек айында 1900-2300 уақыт аралығында болады. Кезекшілік кешке болатындықтан, бұл міндетті кафедра ер азаматтарына жүктелінді..

– 05– желтоқсанкүні ХТ-17-2К тобыныңҚазақ халқының Ұлы жазушысы, М.О.Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай «М.О.Әуезов – Ұлы тұлға» атты тәлімгерлік сағат өтті.

– 8 – желтоқсанда ХТ-14-2к3 тобының «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты тақырыпта ашық тәлімгер сағаты өтті. Тәлімгерлік сағатта топ студенттер туған жерге деген сүйіспеншілігін өлең жолдарымен жеткізді.

– 11-15– желтоқсан күндері аралығында  бірінші және төртінші курс аралығында «Желтоқсаным – Тәуелсіздік тірегім» атты тақырыпта тәлімгерлік сағат өткізілді.

- Тәлімгерлік сағаттарда 1ші курс студенттерінің тәлімгері Асабаев Н.Б(хт-17-2к) және Есмурзаева Р.(ХТ-17-2р) студентерін кітапханаларға апарып, каталогтан оқулықтарды іздеп, талдай білу жүйелерімен және университет музейімен таныстырды..

- Жоспардан тыс кафедраның академиялық топтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»  атты тақырыптар талқыланды.

- Кафедра студенттері және профессор оқытушылар құрамы факультет деңгейінде өткізілген «Жаңа жыл - 2017» мерекелік іс-шараға қатысты.

II. Азаматтық - патриоттық және құқықтық тәрбие

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын, атап айтқанда «Болашаққа бағдар . Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын академиялық топтарда талқыланды.

2. «Қысқы сессия» атты тақырыпта тәлімгерлік сағаттар Металлургия кафедрасының 1-4курс студенттері арасында тәлімгерлік сағаттар, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

3. «Желтоқсаным – Тәуелсіздік тірегім» атты тәлімгерлік сағаттар барлық академиялық топтарда өтілді.

4. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 жылдығына» арналған «Тәуелсіз елдің тұғыры  – Ата заң» атты тәлімгерлік сағатарын өткізді. Акт залында өткен мерекелік болған концертке кафедраның профессор – оқытушылар құрамы, топ тәлімгерлері және студенттер қатысты.

5.Қазіргі заман талабына сай ғимараттар мен қабаттардың безендіру, тәлімгер журналы, оқытушының жеке жоспарына тексеріп талдау  үнемі жүргізіліп отырады..

6. «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты тақырыпта ашық тәлімгер сағаты өтті.

ІІІ. Рухани-адамгершілік тәрбие

Жанұялық құндылықтарды нығайту мақсатында «8-қыркүйек – Халықаралық отбасы күні» мерекесіне орай іс-шара өтті. «Металлургия» кафедрасының ұжымы ОҚО Бәдібек ауданы, Кеңес ауылының тұрғыны Омаров Құршақпай атаны мереке күнімен құттықтап барды. Кафедра аға тәлімгері мен 1 курс топ студенттері тыл ардагері үйіне барып, ол кісінің өмір жолындағы бастан кешкен оқиғаларын, қызықты әңгімелерін тыңдап, отбасы мүшелерімен танысып қайтты, шағын сыйлықтарын табыстап қайтты.

IV. Кәсіби-еңбек тәрбиесі

«1 қыркүйек – Білім күні» арнап «Қызғалдақ» су бұрқағында іс-шара ұйымдастырылды.

V. Діни толеранттылықтың қалыптасуы

1. 2017 жылдың 7 қараша күні М.О.Әуезов атындагы бас ғимараттың акт залында «Шымкент қаласы ішкі саяасат департамент ресурстык орталыгы» комуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырыумен діни экстремизм мен терроизимнің алдын алу бойынша арнайы сала мамандарының қатысуымен студент жастар арасында кездесуіне хт-17-2к, хт-16-2к тобының студенттері қатысты.

 2. Хт-16-2к, хт-17-2к топтарда діни толенранттылық қалыптастыру бойынша тәлімгерлік сағаттар өткізілді

VI. Дене тәрбиесі және салауатты өмірді қалыптастыру

1.Жоспарға сай«Жаны-саудың, тәні-сау» атты тақырыпта оқытушылар мен студенттер арасында спартакиада өткізілді.

2. «Металлургия» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы мен студенттері мединициналық тексеруден яғни флюрографиядан өтті.

VII. Экологиялық тәрбие

1. Кафедра студенттері «Менің таза қалам» аттысенбілікке қатысты.

2. Әр жұма сайын кафедра студенттері Университет ауласын тазартуға арналған сенбіліктерге қатысып отырды.

3. Әр жұма сайын кесте бойынша академиялық топтар сенбілікте белгілі «А» ғимаратының алдындағы участокты тазалап тұрды.

ІX. Мәдени-эстетикалық және полимәдениетті тәрбие

15.12.2016 ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Акт залында «16-желтоқсан Тәуелсіздік» күніне орай салтанатты жиынға қатыстық. Салтанатты жиынды университет ректоры Ж.Мырхалықов құттықтау сөзімен ашып берді.

X. Студенттік өзін-өзі басқаруды және жастар бастамасын дамыту

17.11.2017ж.  Халықаралық студенттер күніне арнап университетіміздің «Студенттік Кеңесінің» ұйымдастыруымен бас ғимаратының акт залында салтанатты мереке өткізілді. Мейрамды ОҚМУ-дың Проректоры  Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы ашып берді. Өз сөзінде осы Күннің қайғылы тарихы жайлы жастарға кішкене түсініктеме беріп өткен соң Ректорымыз белсенді студенттерді және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарын алғыс хаттармен және сыйақы премияларымен марапаттап құттықтады.

 

 


апа


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.