Жалпы мәлімет
- Қаралды: 378
"Металлургия" кафедрасы "Химиялық инженерия және биотехнология" жоғары мектеп құрамына кіреді. Кафедра 2011 жылы университет Кеңесінің шешімімен (бұйрық №210 от 05.09.11 г.) негізінде ұйымдастырылды.
Бакалаврлар, магистрлер мен PhD докторларын дайындауды 1техника ғылымдарының докторы, 4 ғылым кандидаты,1 магистр, ғылыми дәрежесіз 2 аға оқытушы жүзеге асырады. Оқу үдерісіне ғалымдар мен металлургия саласындағы жетекші мамандар - өндірісшілер тартылады.
Металлургия кафедрасында жалпы ауданы 254,9 м2 болатын 8 аудитория бар, яғни бір студентке 2,4 м2 құрайды, соның ішінде 3 аудитория бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларын дайындауға арналған зертханалар – 101А, 102А, 106А; дәріс өтетін аудиториялар – 120А, 111А; кафедра меңгерушісінің кабинеті -104А; оқытушылар кабинеті -110А, 114А, препараторлық бөлме - 116А.
Оқыту жүзеге асырылатын мамандықтар тізімі:
- 5В070900 – «Металлургия» мамандығының бакалаврлары;
- 6В07220 – «Металлургия» білім беру бағдарламасының бакалаврлары;
- 7М07222 – «Металлургия» білім беру бағдарламасының магистрлері;
- 8D07220 – «Металлургия» білім беру бағдарламасының PhD докторанттары.
Бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлау жұмыс берушілермен келісілген оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қара металлургия кәсіпорны «Феррум-Втор» ЖШС.
2014 жылы тәжірибелік жоба ретінде кафедрада «Феррум-Втор» ЖШС базасында 5В070900 – Металлургия мамандығы бойынша дуальды оқыту енгізілді, бұл бакалавриат түлектерінің болашақ жұмыс орнына назар аудара отырып, тәжірибелік дайындығын жетілдіреді. 2020-2021 оқу жылында «Шымкент Темір» ЖШС зауытымен дуальді нысанда тәжірибелік оқытуды жалғастыру мақсатында жаңа келісім-шарт жасалды.
2021-2022 оқу жылында кафедрада 5В070900 – Металлургия және 6В07220 – Металлургия БББ мамандықтары бойынша күндізгі бөлімде 91 студент және қашықтықтан оқытуда 80 студент білім алуда, оның ішінде білім гранты бойынша – 73 студент және ақылы негізде – 98 студент.
2014 - 2015 оқу жылынан бастап кафедра бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағытта магистранттарды дайындайды. 2021-2022 оқу жылында 7М07222- «Металлургия» БББ бойынша ғылыми-педагогикалық даярлау бағыты бойынша 2 магистрант магистратурада білім алуда.
2020 жылы «Металлургия» кафедрасы 8D072 – «Өнеркәсіп және өңдеуші салалар» дайындау бағыты бойынша докторанттарға арналған 8D07220 – «Металлургия» инновациялық білім беру бағдарламасын әзірлеп, жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 8D07220 – «Металлургия» БББ мамандығы бойынша докторантурада 5 докторант білім алуда, оның ішінде 3 докторант 2 курста және 2 докторант 1 курста білім алуда.
2018 жылы 5В070900 – Металлургия (бакалавр) мамандығы бойынша, 2017 жылы 6М070900 – Металлургия (магистратура) мамандығы бойынша БСҚА ұлттық аккредитациясынан сәтті өтті.
powered by social2s