Жалпы мәліметтер
- Қаралды: 321
Бүгінгі таңда «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасында 6В07160, 7М07160 и 7М07162, 8D07160 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» оқу бағдарламалары бойынша бакалаврлар, магистрлер және PhD доктокларын дайындау жүзеге асырылуда.
2015 жылдан бастап 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Президентінің 01.08.2014 № 874 Жарлығымен бекітілген) «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының базасында «Поликомпонентті минералды тыңайтқыштарды синтездеу» және «Бейорганикалық қышқылдар мен тұздардың инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған бағытта магистрлерді дайындайды.
Магистранттарды оқыту үшін кафедраның білікті профессорлары мен доценттері жұмылдырылған. Оқу жұмыстарын жүргізу үшін сондай-ақ, шет елдік профессорлар мен ғалымдар шақыртылған: доктор, профессор Фриц Кюн және доктор, профессор Кай-Олаф Хинриксен (ТУМ, Мюнхен қ., Германия), т.ғ.д., профессор Дормешкин О.Б. (БМТУ, Минск қ., Белоруссия), т.ғ.д., профессор Петропавловский И.А. (Д.Менделеев ат. РХТУ, Мәскеу, РФ), PhD, профессор Хавьер Родриго Иларри (ПУВ, Валенсия қ., Испания).
5В072000- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің шешімінің негізінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ ағылшын тілінде жүзеге асырылатын Қазақстандағы он университеттің білім беру бағдарламаларының тізіміне кірді.
2017 жылдың қыркүйегінен бастап ХТНВ кафедрасында «Минералды және техногендік шикізатты қайта өңдеу» - «Processing of mineral and technogenic raw materials» жаңа білім беру бағдарламасына сәйкес ағылшын тіліндегі студенттер топтары тілдік және жалпы білім беретін пәндерден басқа барлық пәндер бойынша оқытылды. Білім беру бағдарламасы бейорганикалық заттар технологиясы бойынша жетекші отандық кәсіпорындардың қатысуымен жасалды: «Қазфосфат» ЖШС (Тараз), «Қайнар» ЖШС (Шымкент), «ҚазАзот» ЖШС (Ақтау).
Мамандандырылған бағыттағы магистрлерге «Поликомпонентті минералды тыңайтқыштарды синтездеу» және «Бейорганикалық қышқылдар мен тұздардың инновациялық техноогиялары», сондай-ақ бакалаврлерге «Минералды және техогенді шикізаттарды өңдеу» білім бағдарламалары 2017 жылы ECTN Еуропалық химиялық тақырыптық желісінде сараптамадан сәтті өткен және «Евромастер» и «Евробакалавр» евролэйбл алды.
Бакалаврлар, магистрлер мен PhD докторларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытуды кафедраның 23 оқытушысы жүргізеді, оның ішінде 7 ғылым докторлары, профессорлар және 9 ғылым кандидаттары, доценттер, 2 PhD докторлары және 3 ғылым магистрлері бар, олардың ішінде 13 «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегерлері: ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Молдабеков Ш.М., т.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Жантасов Қ.Т., т.ғ.к., доцент Сейтмагзимова Г.М., т.ғ.д., профессор Тлеуов А.С., т.ғ.д., профессор Жекеев М.К., т.ғ.к., доцент Тлеуова С.Т., т.ғ.д., профессор Бестереков Ү.Б., т.ғ.к., доцент Қадирбаева А.А., PhD Назарбек У.Б., т.ғ.д., профессор Сатаев М.С., т.ғ.д., профессор Анарбаев А.А., т.ғ.к., доцент Болысбек А.А.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының деңгейі 78,3% құрайды.
Зертханаларды аккредитттеу
Магистранттарды даярлау үшін қазіргі заманғы аналитикалық құралдармен және жабдықтармен жабдықталған 2 зертхана құрылды. 2018 жылы «Көп компонентті минералды тыңайтқыштарды синтездеу» және «Бейорганикалық қышқылдар мен тұздар технологиясы» зертханаларын ГОСТ ИСО / МЭК 17025-2009 сәйкес аккредиттеу жүзеге асырылды. 2018 жылы 19 сәуірде ҰБО-ның оң шешімімен расталып, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ХПИиСМ Тестілеу орталығы құрамындағы екі зертханаға аккредиттеу туралы куәлік берілді. 2019 жылы екі зертхана да қайта тексеруден сәтті өтті.