Еңбегі мен жетістіктері
- Қаралды: 63
“Химиялық инженерия және Биотехнология” ЖМ “Химия және Фармацевтикалық инженерия” кафедрасының ХТ-21-9к1 топ студенті Төлмуратова Диана Мемлекеттік қолдау мақсатында Шымкент қаласынан ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Тәуелсіздік ұрпақтары” жобалар байқауына белсене қатысып, марапатталды. Жетекшілері: Сүйгенбаева А.Ж., Иса А.Б
М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң Студенттік парламент төрағасы, Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі "Химия және Фармацевтикалық инженерия" кафедрасының 3 курс, ХТ-22-9к3 тобының белсенді студенті Сағынтай Сабина Қайратқызы, есірткіге қарсы күрес бағытында өткізілген іс-шараға қатысып, жастарды салауатты өмір салтын ұстауға, есірткіні тұтынудың қауіптілігін насихаттауда белсенділік танытқаны үшін Шымкент қаласының Үйлестіру кеңесінің төрағасы Ғ.Мұхановтың алғыс хатымен марапатталды.
2024 жылдағы «Химия және фармацевтикалық инженерия» кафедрасындағы профессор – оқытушылар құрамының жеткен жетістіктері
Кафедра профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Балжан Нурмановна Кабылбекова ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Кафедра аға оқытушысы Азиза Бақытжанқызы Иса Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен Философия Докторы (PhD) дәрежесін иеленді. Мамандығы: 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», диссертациялық тақырыбы: «Жер қабаттарынан мұнай алуды жоғарылату үшін композициялық беттік активті акрилатты полимерлерді алу технологиясын құрастыру».
Кафедра доценті Айкозова Лаура Даулетбековна 20400 – Химиялық инженерия ғылыми бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 08.11.2024 жылғы № 1022 «Ғылыми атақ тағайындау туралы» шешімімен қауымдастырылған профессор (доцент) атағын иеленді.
powered by social2s