Жаңалықтар
Халықаралық ынтымақтастық және отандық серіктестер
- Қаралды: 471
2024 жылдың 19 қыркүйегінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде МНТЦ делегациясы техникалық мониторинг жүргізді. Делегация құрамында Д. Ишикава – жоба бойынша аға куратор (Жапония), А. Түлекулова – МНТЦ өкілі (Астана) болды.
Негізгі корпус 250 аудиториясында (Мятный зал) университет басшылығының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен проректор У.С. Сулейменов қонақтарды таныстырып, университеттің ғылыми әзірлемелері мен жобалары жайында баяндады. Стратегиялық жоспарлау департаментінің басшысы Е.Ж. Махашев университеттің алдағы жоспарларымен таныстырды. Факультет деканы М.Ж. Айтуреев факультеттің тарихы мен құрылымы туралы ақпарат берді.
GE-2506 жобасы бойынша презентацияны жоба жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Н.О. Джакипбекова ұсынды. Презентациядан кейін жобаның қатысушылары, доценттер С.А. Сакибаева, Ж.А. Шингисбаева, Ph.D. А.Б. Иса, ғылыми қызметкер А. Амерханова қонақтардың презентация мен жоба бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.
Визит бағдарламасы аясында МНТЦ қонақтары негізгі корпустың оқу залын және кітапханаларын, ИРЛИП зертханасын, Химия және фармацевтикалық инженерия кафедрасының зертханаларын аралады.
GE-2506 жобасы – үш елдің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан халықаралық жоба: Қазақстан, Грузия, Армения. Жоба 2022-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ.
342 аудитория бас ғимарат
Қазақстан, Грузия, Хорватия,Өзбекстан ғалымдарының қатысуымен қазіргі жағдайда ғылым мен технологияның тұрақты даму тұжырымдамасы тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті
Дөңгелек үстелде:
1 Марко Винкович ,профессор, Загреб университеті (Хорватия)
2.НАТО Мирдзвели Х. ғ. к. доцент,Физикалық химия институты Тбилиси мемлекеттік университеті.Джавахишвили (Грузия)
Профессорлар Джакипбекова Н.О., Таймасов Б.Т., Муталиева Б. ЮКУ.М. Әуезова (Қазақстан)
Дөңгелек үстел жұмысына жоғары мектеп деканы М. Ж. Айтуреев және кафедра меңгерушісі Ермеков С.Р. қатысты
Гульнара Акмаловна кафедра меңгерушісі Ермеков С.Р. және кафедраның профессорлық-оқытушы құрамымен кездесу барысында өзара ғылыми ынтымақтастық және кадрлар даярлау туралы келісімдерге қол жеткізіп,өзінің монографиялары мен оқулықтарын сыйға тартты.
Халықаралық ынтымақтастық аясында "Химия және фармацевтикалық инженерия" кафедрасында Ташкент фармацевтикалық институтының "Органикалық химия" кафедрасының меңгерушісі Пулатова Феруза Азатбековна және "Биотехнология" кафедрасының доценті Юсупова Насиба Фаттаховна болды.Ташкенттен келген оқытушылар біздің студенттерді Органикалық химия олимпиадасына қатысуға шақырды.
Профессор Джакипбекова Нагима Орманбековнаның Швеция,Уппсала қаласы ауылшаруашылығы университетінің профессоры Гуляим Кесслермен онлайн кездесуі.Доктарант Сейтманбетова Айманның диссертациялық жұмысын талқылау барысы.
10 ақпан 2023 жыл.Грузиялық әріптесіміз Нато Мирдзвелимен бірлескен жоба бойынша бейнеконференция.Конференцияға қатысушы кафедра профессоры Джакипбекова Н.О., аға оқытушы Иса А.Б және 4 курс студенті Абдумаликова Д.