Кафедра тарихы

«Химия» кафедрасының тарихы 1949 жылдан бастау алады.  Университет  құрылымын қайта ұйымдастыру барысында 2014 жылы «Химия» кафедрасы    «Нанотехнология» кафедрасымен қосылып, «Химия» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраның  педагогикалық және ғылыми жұмыстарына сол кездегі белгілі ғалымдар жұмылдырылды.

  Қайта құрылған «Химия» кафедрасы көптеген жылдар бойы химия-технологиялық факультетінің  тәжірибелі, білімді және талантты, алдыңғы қатарлы бөлімі ретінде таныла білді.

«Химия» кафедрасы 2014 жылы қайта құрылған «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі құрамына кірді.

«Химия» кафедрасы өте маңызды және беделді білім беру бағдарламалары 6В05320-Химия, 6В07270-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы, 6В05340- «Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама» бойынша  мамандар дайындады.    

Химия мамандығы, «Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама» мамандануы халықаралық АСИИН аккредитациялық агенттігінің сертификатын, мемлекеттік аккредитация сертификатын (серия А,  № 00000042), 21.07.08ж. «ASIIN» агенттігінен берілген халықаралық аккредитациялау сертификатын алды, соның нәтижесінде мамандық бойынша магистратура бөлімін ашуға мүмкіндік алды. 7М05320-Химия жән  7М07270-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды.

2019 жылы 6В07270-фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға лицензия алынды. 2020 жылы 7М07270 - фармацевтикалық өндіріс технологиясы ашылды. 2022 жылы ҚР БҒМ тізіліміне 6В05340-химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама ББ енгізілді. 2022 жылдың қыркүйегінде "Химия және химиялық технология негіздері" кафедрасы университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен "Химия және фармацевтикалық инженерия" кафедрасы болып өзгертілді.

Қазіргі таңда кафедрада  PhD докторы, аға оқытушы Ермеков С.Р. жетекшілік етеді.

Кафедрада 4 ғылым докторы,  3 профессор, 15 ғылым кандидаттары, 2 PhD докторы, 1 магистр, 9 аға оқытушы және 8 окытушы дәріс береді.

Оқу процесін жүргізу үшін кафедрада оқу-әдістемелік материалдардың техникалық базасы қажетті құралдармен жабдықталған. Кафедра құрамында «Жалпы химия», «Бейорганикалық химия», «Органикалық химия», «Аналитикалық химия», «Коллоидты химия», «Физикалық химия», «Технологиялық процестер және аппараттары», «Жалпы химиялық технология» зертханалары ұйымдастырылған. Барлық пәндер қазақ, орыс, сонымен қатар ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Химия және ХТН кафедрасының жалпы ауданы 663,75 шаршы метрды құрайды. Оның 81,75 шаршы метрін 2 дәрісхана (лекционная) және 473,25 шаршы метрін 10 зертхана құрайды. Олар заманауи  зертханалық приборлармен жабдықталған: И-160 МИ зертханалық иономер, «Ohaus» РА-214 электронды аналитикалық таразы және аналитикалық таразылар, центрифуга Liston C 2204, микроскоп Биомед 2, рефрактометр 454Б 2М, кептіргіш шкафтар,  муфель пештері, аквадистиллятор, орбитальді шейкер, интерактивті  тақталар,  компьютерлер және т.б.

307А аудитория және 403А, 407А зертханалар интерактивті  тақтамен жабдықталған. Сабақтарды  интерактивті тәсілмен жүргізу мақсатында виртуальды зертханалық жұмыстармен таныстыру, видео дәрістерді көрсету, электронды кітаптарды қарау, презентациялық материалдарды демонстрациялау,   мультимедиялық файлдарды  үлкен  экранда көрсету кеңінен қолданылады.

407А – академик З. Молдахметов атындағы зертхана. Интерактивті тақта «Темпус» жобасы аясында алынған. Жоба жетекшісі: х.ғ.д., профессор Назарбекова С.П.

 


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.