Жетістіктер және жүлделер

     Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздардың еңбегі орасан зор. Міне, сондықтан да елімізде ұстаздар күні қарсаңында мұғалімдерге құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау дәстүрге айналған.Осы орайда бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Ұстаздар мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Салтанатты іс- шараны Басқарма Төрағасы-Ректор Д.П.Қожамжарова ашып, оқу орнының профессор-оқушылар құрамын кәсіби мерекелерімен құттықтап, білім беру саласын дамытуға қосқан жеке зор үлесі мен педагогикалық қызметтегі шығармашылық табыстары үшін бірнеше ұстаздарды марапаттады. Сол оқытушылардың ішінде «ХИ және БТ» жоғары мектебі «Экология» кафедрасының оқытушылары Жұбаныс Мадина Қанжігітқызы мен Үкібай Айшолпан Сланбекқызы да марапатталды.
Кеш соңы профессор-оқушылар құрамының көңіл күйін керемет көтерген концерттік бағдарламаға ұласты.
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен сіздерді құттықтаймыз!

«Экология» кафедрасы Шымкент қаласының Экология Департамент базасында оқу-ғылыми өндірістік кешенін ашты.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Экология» кафедрасы Шымкент қаласының Экология Департамент базасында оқу-ғылыми өндірістік кешенін ашты. Оқу-ғылыми өндірістік кешен білім беруді, ғылымды және өндірісті интеграциялаудың, жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік ұйымдармен, кәсіпорындармен, өндірістермен өзара іс-қимылының ұйымдастырушылық нысандарының бірі ретінде қарастырылады.

  Кафедраның оқу-ғылыми-өндірістік кешенін (ОҒӨК) құрудың мақсаты студенттер мен магистранттардың практикалық дайындығын күшейту, кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру.

Кафедра департаментпен біріге отырып осы оқу жылына жоспар құрды және де «Экологиялық мониторинг»  пәні бойынша практикалық және лабораториялық сабақтарды ОҒӨК базасында онлайн өткізуді  бастап жатыр. Жоспарланған жұмыстарымыз алға баса берсін, бәрімізге сәттілік!

Дуалдық білім беру жүйесінің ашылуы.

     М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Экология» кафедрасы ЖШС «ЕСОCENTRE-CONSULTING» бірлесе отырып дуалдық білім беру жүйесінің ашу рәсімі өтті.

     Дуальды оқыту (ДО) - бұл жүйе бір мезгілде екі бағыт бойынша-теориялық және практикалық маманды даярлауды көздейді. Оқу уақытының 1/3 бөлігі ЖОО-да базалық білім алады, ал 2/3 бөлігі өндірісте — оқыту кәсіпорнында машықтарды шыңдайды және іс жүзінде маңызды білім алады. Басты мақсат — өндірісте жұмыс істеудің базалық дағдылары қалыптасқан білікті және сауатты түлекті дайындау, техникалық және бейінді білім беру жүйесінде ДО қазақстандық моделін әзірлеу.

   Дуалды білім беру, кәсіби тәжірибені оңтайлы берумен қатар, өндірістік жағдайларда өз ұстанымын бекітуге мүмкіндік береді. Кәсіпорындар студенттерден келетін жаңа идеялар мен импульстардан пайда көреді. Оқу аяқталғаннан кейін студенттер бірден өндіріске қатыса алады.

 

 «Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қоры» корпоративті қорымен бірлесіп жастар арасындағы экологиялық білімді жетілдіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

     М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қоры» корпоративті қорымен бірлесіп жастар арасындағы экологиялық білімді жетілдіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум - бұл университет пен қордың «Батыс Тянь-Шаньның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын басқару тиімділігін арттыру» жобасы бойынша грантты жүзеге асырудағы ынтымақтастығын анықтайтын құжат.

     Осы Меморандум шеңберінде Университет, атап айтқанда, "Экология" кафедрасы Әлеуметтік желілер арқылы Батыс Тянь-Шань аумағында мекендейтін және өсетін жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері туралы ақпаратты қамтитын материалдарды оқу процесінде пайдалануға және студенттер арасында таратуға, Түркістан облысында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) қолдау акциясы - "Саябақтар шеруі" халықаралық акциясын өткізуге және оған студенттердің белсенді қатысуына жәрдем көрсетуге міндеттенеді. Жоба шеңберінде Қор Сайрам-Өгем ұлттық паркінің буферлік аймағының жанындағы ауылдардың бірінде су үнемдеу технологиялары мен жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын қолданыстағы қондырғылары бар экологиялық көрсету алаңын жабдықтауға міндеттенеді.

    "Экология" кафедрасының студенттері үшін бұл сапалы білім алуға үлкен көмек болады.

 Қазақстанның ғалымдары дүниежүзілік ғылыми жаңалықты жасады - олар электрохимиялық әдіспен  -  ең берік металды- титанды  ерітудің жаңа әдісін тапты. Бұл ғылыми жаңалық  - өнеркәсіп қалдықтарды өңдеуге және өте қажетті титан қосылыстарын алуға көмектеседі. Жұмыстың авторлары медальдар мен дипломдармен марапатталды. Олар профессорлар, доценттер және ғылым докторлары - Абдуали Баешов, Ажар Баешова, Ғани Ізтілеуов. Олардың жетекшісі Мұрат Жұрынов болды. Зерттеу үшін сарапшылар он жылдан астам уақыт жұмыс істеді.

   

«Үздік жастар премиясы-2018»   жастар байқауының «Үздік мұғалім»  номинациясын  иеленген үшін «Экология»  кафедрасының оқытушысы А.М.Досбаева марапатталды.

     М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің  «Экология»  кафедрасының оқытушысы Досбаева А.М.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27-жылдығына орай Шымкент қаласы әкімдігінің  ең үздік, белсенді жастар байқауының  Үздік жастар премиясының  «Үздік мұғалім»  номинациясын иеленді.

      

 Жетістіктері мен марапаттары.

Т.ғ.д.., профессор  Бахов Ж.К.(2007ж.), т.ғ.д., профессор Шакиров Б.С. (2009ж.) және  доцент, т.ғ.к.. Сатаева Л.М. (2010ж.), п.ғ.к. Сихымбаева Ж.С. (2013ж.), т.ғ.к., доцент Туребекова Г.З. (2013ж.)  ҚР БҒМ  «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанды.

Кафедраның аға оқытушысы, п.ғ.к. Сихынбаева Ж.С. жоғары оқу орындарында инновациялы әдістерді дамытудағы ғылыми жетістіктері үшін Ресейдің жаратылыстану ғылымдарының профессоры атағына ие болды (2013ж.).

2008жылы 050608-Экология білім беру бағдарламасы ASIN (Германия) халықаралық агенттігінде  аккредитациядан өтті. Бакалаврлар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады. Білім беру бағдарламасының студенттері Қазақстанның, РФ, жақын және алыс шетелдердегі жетекші ЖОО академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша оқиды.



Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.