Жетістіктер және жүлделер
- Қаралды: 273
2020 жылы 5B072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы ASIIN неміс агенттігінде қайта аккредиттеу рәсімінен өтті (Инженерия, информатика, жаратылыстану ғылымдары және математика саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу бойынша мамандандырылған аккредиттеу агенттігі – www.asiin.de) (http://www.asiin.de) ://www.asiin -ev.de/pages/de/asiin/akkreditierung-studiengaenge/akkreditierte-studiengaenge.php?id=4614). ASIIN аккредитациясының нәтижелері бойынша 5B072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы Eurobachelor® сапа белгісіне ие.
-БББ магистранттарын жоғары білікті оқытушылар дайындайды, олардың арасында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегерлері: т.ғ.д., профессор К.К. Сырманова (2011ж.), т.ғ.к., профессор С.А. Сакибаева (2012ж.); т.ғ.к., профессор Г.Ж. Пусурманова (2014ж.); т.ғ.д., профессор О.К. Бейсенбаев, т.ғ.к., профессор Сагитова Г.Ф. (2016ж.), х.ғ.к., доцент Н.К. Халдаров (2019ж.).
-Кафедра оқытушыларының ғылыми-педагогикалық қызметі ҚР БҒМ төсбелгілерімен белгіленген: т.ғ.к., профессор С.А. Сакибаева «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін», педагогика саласында қол жеткізген жетістіктері үшін «Ы. Алтынсарин»; т.ғ.д., профессор К.К. Сырманова – «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері»; т.ғ.д., профессор Бейсенбаев О.К. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін»; т.ғ.к., профессор Г.Ж. Пусурманова – «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин».
-Кафедра оқытушылары Бейсенбаев О.К., Пусурманова Г.Ж., Сакибаева С.А., Танашев С.Т. ОҚУ жанындағы «Мұнайхимия» БББ бойынша ҚР БҒМ РОӘК секциясының мүшелері болып табылады. Кафедраның ПОҚ - Бейсенбаев О.К., Сырманова К.К., Сакибаева С.А. әр жылдары «Мұнайхимия», «Химиялық технологиялар процестері мен аппараттары», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңестер мүшелері болды.