Жалпы мәліметтер
- Қаралды: 292
Оқу процесін жүргізу үшін кафедрада оқу-әдістемелік материалдардың техникалық базасы өте жақсы дамыған. Кафедра құрамында «Жалпы химия», «Бейорганикалық химия», «Органикалық химия», «Аналитикалық химия», «Коллоидты химия», «Физикалық химия», «Технологиялық процестер және аппараттары», «Жалпы химиялық технология» зертханалары ұйымдастырылған. Барлық пәндер қазақ, орыс, сонымен қатар ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Химия және ХТН кафедрасының жалпы ауданы 663,75 шаршы метрды құрайды. Оның 81,75 шаршы метрін 2 дәрісхана (лекционная) және 473,25 шаршы метрін 10 зертхана құрайды. Олар заманауи зертханалық приборлармен жабдықталған: И-160 МИ зертханалық иономер, «Ohaus» РА-214 электронды аналитикалық таразы және аналитикалық таразылар, центрифуга Liston C 2204, микроскоп Биомед 2, рефрактометр 454Б 2М, кептіргіш шкафтар, муфель пештері, аквадистиллятор, орбитальді шейкер, интерактивті тақталар, компьютерлер және т.б.
307А аудитория және 403А, 407А зертханалар интерактивті тақтамен жабдықталған. Сабақтарды интерактивті тәсілмен жүргізу мақсатында виртуальды зертханалық жұмыстармен таныстыру, видео дәрістерді көрсету, электронды кітаптарды қарау, презентациялық материалдарды демонстрациялау, мультимедиялық файлдарды үлкен экранда көрсету кеңінен қолданылады.
407А – академик З. Молдахметов атындағы зертхана. Интерактивті тақта «Темпус» (2016ж.) жобасы аясында алынған. Жоба жетекшісі: х.ғ.д., профессор Назарбекова С.П.