Тәрбие жұмысы
- Қаралды: 485
2022 жылы 22-қараша күні "Химиялық инженерия және биотехнология" жоғары мектебінің "Экология" кафедрасының магистр, аға оқытушы Жұбаныс Мадина Қанжігітқызы 6В05210 - Экология мамандығының студенттері үшін «Экологиялық қортану және табиғатты пайдалану» пәнінен практикалық сабақ ХТ-20-4тк тобына «Өндірісік және тұрмыстық қалдықтар» тақырыбында ашық сабақты рольдік ойын түрінде өткізді.
Ашық сабаққа кафедрадан 10 оқытушы қатысты. Өтілген ашық сабақ түрі практикалық сабақ. Практикалық сабақ КТЖ және силлабусқа сәйкес өтілді. Оқытушының ашық сабақ кезінде пән бойынша жұмыс бағдарламасы, силлабус, пәннің КТЖ және СӨЖ құжаттары, методикалық нұсқау, қамтамасыз ету картасы және студенттердің сабаққа қатысу журналы бар болды. Оқытушы студенттерге практикалық сабақты презентация түрінде түсіндірді. Практиканың жоспары мен оқытушы алдымен сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстырды. Сабақтың жоспарына сәйкес, сабақтың тақырыбымен таныстырды. Практика барысында оқытушы студенттерге үлестіру материалдарын беріп отырды. Көрнекті құралдармен қатар, оқытушы интерактивті тақтаны пайдалана отырып, практикалық сабақ бойынша дайындаған презентациялық мәліметтерді студенттерге ұсынды. Сабақтың соңында оқытушы білім алушыларға бақылау сұрақтарын және үй тапсырмаларын берді. Оқытушының аудиториямен байланысы тығыз, студенттер белсенді қатысып отырды.
Оқытушы Жұбаныс Мадина Қанжігітқызының ашық сабағы педагогикалық және методикалық талаптарға сай және жоғарғы оқу орындарының оқу стандарттарына сәйкес жүргізілді. Сабақ тиянақты көрнекілікпен, техникалық құралдар қолдану арқылы және студенттер рольдік ойындар арқылы белсенді қатысуымен өтті. Студенттердің пәнге қызығушылығы артып, сабақ мақсатына жетті деп есептейміз. Практика бойынша материалды жақсы игерген, материалды оңай, ыңғайлы әдіспен жеткізеді, аудиторияны өзіне қарата алады, презентациялық материалдарды, көрнекті құралдарды ұтымды қолдана білді.
Студенттерді театрларға апару
Тәлімгерлік сағаттың тапсырмасы бойынша 17.11.2022ж. күні «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі, «Экология» кафедрасының 1-3 курс студенттері «Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер» театрына барды. А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет» атты премьерасын тамашалап, ерекше әсер алғандарын айтты. Театр тек қана мәдени демалу мен көңіл көтерудің орны ғана емес, ұлттың рухын, құндылығын бекіте түсетін, халыққа әсемдік пен ізгілікті, шабыт пен шынайылықты дәріптейтін рухани-мәдени орта. Сондықтан жастарды эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеу мақсатында театрларға апарып тұрудың маңызы ерекше.
«Менің сүйікті мамандығым» видео байқауы
«Экология» кафедрасының білім алушыларының қатысуымен «Менің сүйікті мамандығым» атты байқау ұйымдастырылған болатын. Байқау шарты бойынша қатысушылар 30 секундық және 5 минуттық көрсетілім бейнероликті қазақ және орыс тілдерінде дайындау қажет болды. Байқауға «Экология» кафедрасының барлық академиялық топтары қатысып, олардың ішіндегі тақырыпты толық аша алған видеороликтер үздік деп таңылды. Дегенмен, әр қатысушының жұмысы бағалауға тұрарлық екені ескеріліп, барлық қатысушы топтарға алғыс хаттар тапсырылды.
Байқау нәтижесі бойынша орын алған академиялық топтарға мадақтамалар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды:
І-орын ХТ-19-4к тобы
ІІ-орын ХТ-21-4тр
ІІІ-орын ХТ-20-4 тк және ХТ-22-4р топтары
Байқауға белсене қатысып, өз үлестерін қосқан барлық академиялық топтарға алғысымызды білдіреміз!
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Сендер, тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарыңды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер!» деген болатын. Олай болса, дамыған елдердің қатарына ұмтылып келе жатқан мемлекетіміз үшін жан-жақты білім алған, кәсіби дайындығы мол білікті маман иесі болуларыңызға тілектеспіз және біз сіздерге сенеміз!
«EcoStudentKZ» экологиялық акциясы
Студенттердің бастамасымен елімізде «EcoStudentKZ» экологиялық акциясы басталған болатын.Эко-челленджге М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «ХИ және БТ» жоғары мектебі «Экология»кафедрасының білім алушылары да өз үлесін қосып, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің білім алушыларына осы акцияны жолдады. Барша қазақстандықтарды қоқыс тастамай, қалалар мен ауылдарда тазалық сақтауға шақыруда!
«Әлем таныған Әуезов» атты тәлімгерлік сағатын өткізді
«Экология» кафедрасының оқытушысы Үкібай А.С. 16.09.2022 ж. ХТ-22-4к2 тобына «Әлем таныған Әуезов» атты тәлімгерлік сағатын өткізді. Ол жаңадан университет есігін ашып келген, тәлімгерлік тобына дүниеге қазақ перзенті болып туып, адамзат перзенті болып аттанған М.О.Әуезов тағдыры – талай ақиқатқа қапысыз көз жеткізетін тағылым мектебі екендігін, сонымен бірге М.О.Әуезов өмірі мен еңбегінің халық үшін қаншалықты маңыздылығын айтып түсіндірді.
«Қазақтың ұлы тұлғасына – 125 жыл» атты тәрбие сағатын өткізді.
Топ тәлімгері С.С.Дүйсенова ХТ19-4К,4ДК тобымен 22.09.2022 куні 419 кабинетте сағат 15:00 «Қазақтың ұлы тұлғасына – 125 жыл» атты тәрбие сағатын өткізді. Қарастырған тақырыптар: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі туралы,отбасы,шығармашылығы және де 125 жылдық аясындағы іс-шаралардың өтуі. Барлық студенттер өз пікірлерін айтып белсене қатысып отырды.
«Экология және біз» тақырыбы бойынша іс-шара өткізілді.
Экологиялық тәрбие жұмысы бойынша» кафедраның аға тәлімгері Е.У.Амербековтың жетекшілігі бойынша осы мамандықтың ХТ-20-4к1- тобының студенттерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты «Экология және біз» тақырыбы бойынша іс-шара өткізілді. Іс шараның негізгі мақсаты «Қоршаған ортаны ластану көздерінен сақтау» мәселесін анықтау болып табылады.
«Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы»
Тәлімгерлік сабаққа қатысқандар: тәлімгер, ХТ-20-4К студенттері
Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі. Экология кафедрасының ХТ-20-4к студенттері және тәлімгері Амербеков Е.
«Рухани жаңғыру» және «Таза табиғат» жобасы
Экология кафедрасында бакалавриат, магистратура, доктарантура бітірушілерінің ұйымдастыруымен «Tulek week»аптасы басталды. Осы шара аясында ХТ -17-4к1, ХТ-17-4к2, ХТ-17-4тр топ студенттерінің «Рухани жаңғыру» және «Таза табиғат» жобаларын іске асыру шеңберінде Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің мамандарымен бірлесіп Жасыл белдеу аумағында жеміс ағаш көшеттерін отырғызу акциясын өткізді. Көгалдандыру жұмыстарына «Экология» кафедрасының оқытушылары мен білім алушылар жұмылдырылып, 500-ге жуық көшет отырғызды.
Жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. «Тәрбие және білім» атты тәрбие сағаты
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ.
7 қараша 2017 жылыМ.Әуезоватындағы ОҚМУ-дың бас ғимаратының акт залында Шымкент қаласыішкісаясатбөлімінің «Жастарресурстықорталығы» коммуналдықмемлекеттікмекемесініңұйымдастыруымендіни экстремизм мен терроризмніңалдыналубойыншаарнайы сала мамандарының қатысуымен студент жастарарасындакездесуөтті.
«Еңбек адамын жырлаймын»
2017 жылғы 28 қыркүйек күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы (Облыстық кәсіподақ комитеті) «Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекелеріне орай «Еңбек адамын жырлаймын» тақырыбымен іс-шара өткізді.Мерекелік іс-шараға ардагер ұстаздар, озат мұғалімдер, педагогтар әулеті, жас мұғалімдер мен студенттер, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен мектептер директорлары, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен кәсіподақ активі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылдыМерекелік іс-шараның басталуы алдында М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері жиынға қатысушыларға арнап флешмоб көрсетті, қатысушылар облыстық кәсіподақ комитеті мен құрылымдық ұйымдарының қызметі жайлы дайындалған бейнефильмді тамашалады.Мерекелік іс-шарада білім саласының ардагері С.Барахова қатысушыларды «Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекелерімен құттықтап, озат ұстаздарға ОҚО әкімінің Грамоталарын, «Алғыс хаттарын» тапсырды.
«Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы»
2017 жылдың 13 қазан күні, «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» атты форумы өткізілді. Форумды Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды. Алғаш сөз кезегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры т.ғ.д. Айменов Жамбыл Талхаұлы форумды ашып берді.Сонымен қатар Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі — М.О. Қалмұратов, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, облыстық мәслихаттың депутаты, «Ел бірлігі» депутаттық тобының жетекшісі — Ә.Ү.Досболов, Мемлекет және қоғам қайраткері — Ш.М. Мырзахметов, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамы, облыстың бас имамы — А.П.Керімбек сөз алып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор, Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлының «Алғыс хатымен», Облыс әкімінің арнайы грамотасымен, Облыстық мәслихаттың арнайы грамотасымен марапаттап, концерттік бағдарламалар орын алды.