Халықаралық ынтымақтастық
- Қаралды: 301
Халықаралық қатынастар
«Экология» кафедрасының оқытушылары Сатаева Л.М., Таубаева А.С. 26.05-04.06.2018ж. аралығында және 11.06.-25.06.2018ж. аралығында оқытушылар Исаева Р.А., Шингисбаева Ж.А., Досбаева А.М. Пекин химия-технологиялық университетінде (Бейжің қ., Қытай) ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында оқытушылар университетпен, магистранттардың ғылыми зертханаларымен танысты, Қытайдың табиғи жерүсті суларын тазалаудың негізгі әдістері мен тазартқыш құралдарымен танысты.
Германия елінің магистранты М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Экология» кафедрасында IAESTE бағдарламасы бойынша
тағылымдамадан өтті.
01.07-28.07.2018ж. аралығында Хильдесхайм университетінен (Германия) магистрант Форстнер Анна-Мари Ульрик «Экология» кафедрасында IAESTE бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында ол М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ғылыми лабораторияларымен («ИРЛИП», «Сапа») танысты, сонымен қатар университет музейінде және кафедраның практика базаларында болып қайтты. Анна-Мари Ульрик университетіміздің студенттерімен кездесіп Германиядағы білім беру деңгейлері және Шымкент қаласы туралы әңгіме жүргізді.
Жалпы оқыту бағдарламасын іске асырудың тиімділігі, оқу –әдістемелік жұмысты жетілдіру, ғылыми –педагогикалық кадрлардың санатын эоғарылату үшін «Геоэкология және табиғатты пайдалану» кафедрасы келесі ЖОО қатынас орнатқан: Гамбургтің қолданбаоы ғылымдарынығ Жоғарғы мектебі, Бауман атындағы МГТУ, Т ГУ (РФ), СПбГТИ(ТУ), с МГУ ИЭ(РФ), с ИГХТУ(РФ), с РХТУ им. Менделеева (РФ).
Универиситетте тұрақты түрде жақын шет ел мемлекеттерінің ғалымдары дәріс оқып тұрады. 2011жылдың қарашасында Д.И.Менделеев атындағы РХТУ профессоры Сметанников Ю.В. и Пуртова Е.Е. кафедра студенттері мен оқытушыларына дәріс оқыды. 2012 жылы көктемде Гарвард (АҚШ) иммунды аурулар институтының PhD докторы Бартенева Наталья және Солтүстік- Батыс Швейцария қолданбалы ғылымдар университетінің (Швейцария) PhD докторы Елизавета Фаслер-Кан кафедра студенттері мен оқытушыларына дәріс оқыды.
Кафедра меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты, профессор Исаева Р.А. және техника ғылымдарының кандидаты, профессор Шыңғысбаева Ж.А. Гермаия еліндегі, Дюссельдорф қаласында "Европейская академия естествознания" атты ғылыми конференцияға қатысты.