Дуальды білім беру
- Қаралды: 240
Дуальды білім беру
2021-2022 оқу
жылында «Металлургия» кафедрасының дуальды оқу түрі бойынша эксперименттік оқыту жүйесі 8 жыл жалғасын табуда.
2020-2021 оқу жылы дуальді білім беру түрі бойынша эксперименттік оқытуды жалғастыру мақсатында «Шымкент Темір» ЖШС зауытымен жаңа келісім шарт жасалынды. «Шымкент Темір» ЖШС Шымкент қаласындағы ірі өндіріс орыны болып табылады.Өнеркәсіп жылына 6000 тонна болат өнімдерін шығарады. Өнеркәсіп 2018 жылдан бері жұмыс жасай отырып үнемі жетілдіріліп дамып отырды.
ХТ-18-2дк тобынан ерікті 11 баладан тұратын топ құрылды, бұл топта да оқу процесі бекітілген ереже бойынша жүргізілді, яғни студенттер аптасына 3 күн ЖОО-да, және 3 күн өндірісте оқиды. Студенттер шикізат даярлау бөлімінде жұмыс жасады, яғни келген темір сынықтарын сұрыптау жұмысы. Еңбекақы төлеу – кесімді 40-60 мың теңге. Зауытта арзан ыстық тамақ бар.
Оқу жоспарына сәйкес 3 курс студенттері Өндірісте келесідей пәндерді өтті: «Құю өндірісінің технологиясы», «Металдарды соғу және штамптау технологиясы», «Құю өндірісінің технологиясы»,«Болатты үздіксіз құю технологиясы», «Конверторлы өндіріс технологиясы».
Өндірісте студенттерге барлық жағдай жасалынып отыр, сабақтарды жүргізу үшін, өнеркәсіптің әкімшілік басқармасында видеопроектормен қамтылған заманауи аудитория дайындалды. Дәріс және практикалық сабақтарды заводтың бас технологы - Джункабаев Кадирбек Абдукаримұлы және Маханбетова Бақтыгүл Алимжанқызы жүргізді.
ХТ-18-2дк тобы өндірісте
5В070900-Металлургия мамандығы бойынша оқыту шеңберінде "Феррум-Втор" ЖШС базасында Дуалды білім беру жүйесін енгізу жыл сайын жүзеге асырылуда. "Феррум-Втор" ЖШС Шымкент қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірі, тәулігіне 300 тоннаға дейін болатты сорттық прокат (арматура, бұрыш, швеллер, катанка және т.б.) өндіреді. Зауыт 2006 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп кеңейіп келеді, осы жылы 40 тонналық индукциялық пеш орнатылды.
2017-2018 оқу жылында "Феррум Втор"ЖШС-де Х-15-2дк тобының дуальді нысаны бойынша тәжірибелік оқыту жалғастырылды.
2 курс студенттері қатарынан 1 академиялық топ құрылды.ХТ-16-2дк жалпы саны 8 адам. Жаңа оқу жылынан бастап оқытудың дуальді түрінің жұмыс істеу тәжірибесін ескере отырып, оқу процесін өзгертусіз қалдыру ұсынылды. Келесі оқу жылынан бастап "Феррум Втор" ЖШС үйлесімді кәсіби өсуді қамтамасыз ету үшін оқу орнында аптасына 2 күн, кәсіпорында 3 күн оқытуды ұсынды. Сонымен қатар, біз кәсіпорынға оқу процесінің жоспары бойынша жұмысты күзгі семестрден 3 курста бастауды ұсындық. Бұл жағдайда студенттер зауытқа аса жетілген, жауапты және күрделі және қауіпті техникамен танысуға дайын болады. Жұмыс берушінің осы ұсыныстары ескерілді, келісілді және оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне тиісті өзгерістер енгізілді.
Дуальді білім беру студенттер арасында қызуғышылық тудырды, сондықтан келесі оқу жылына 8 адамнан тұратын ХТ-16-2дк дуальды тобы ұйымдастырылды.
Сабақ өткізу үшін, кәсіпорын зауытты басқару ғимаратында бейнепроекторы және ұйымдастыру техникасы бар жайлы бөлме ұсынды. Көптеген профильді пәндер бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды зауыттың бас технологы – Жүнқабаев Кадірбек Абдукаримович және зертханамеңгеруші Маханбетова Б. А.жүргізеді. Жұмыс барысында студенттер өндіріс технологиясының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылатын -сынықтарды сұрыптаумен айналысты. Келісімді еңбек ақысы төленеді. Зауытта арзан ыстық тамақ бар.
Келесі оқу жылында ХТ жаңа дуалды тобы ұйымдастырылды.
«Металлургия» кафедрасында 2013-2014 оқу жылынан бастап «Ferrum vtor» ЖШС базалық кәсіпорынмен 5В070900- «Металлургия» бакалавриатын дайындау бағыты бойынша дуальды білім беру ұйымдастырылды.
Оқытудың дуальды жүйесі – бұл мамандарды дайындау бойынша өндірістік мен білім беретін саланың өзара әрекеттесуімен келісуді ұсынатын мақсатқа сәйкес кәсіби дайындауды ұйымдастырудың инновациялық түрі.теория мен практика тепе-теңдік принципі бойынша, яғни оқу мерзімінің жартысы жоо-да, ал басқа жартысы кәсіпорында жүзеге асырылады. Оқытудың дуальды түрін меңгеру маманды дайындауда – теория (жоғары оқу орнымен) мен практика (өндіріспен) аралығындағы үйлеспеушіліктің негізгі мәселесмін шешуге мүмкіндік береді. Жұмыс берушілермен бірге модульді білім беру және жұмыс оқу бағдарламасы жасалынған.
«ФеррумВтор» ЖШС-де дуалды түрдегі эксперименталды білім беру 2016-2017 оқу жылында да өз жалғасын тапты. 3 курс студенттерінің қатарынан 8 білім алушыдан құралған бір академиялық - ХТ 15-2дк тобы құрастырылды. Оқытудың дуалды түрінің жұмыс істеу тәжірибесін ескере отырып жаңа оқу жылында білім беру үдерісінің бастапқы жоспарын өзгерту ұсынылды. Білім алушылардың кәсіби біліктілігінің үйлесімді дамуын қалыптастыру мақсатында, келесі оқу жылынан бастап «ФеррумВтор» ЖШС-і білім алуды аптасына 3 күн ЖОО және 3 күн кәсіпорында жүргізуді ұсынды. Сонымен қатар кәсіпорын ұсынысымен, білім беру үдерісінің жоспарына сәйкес, зауыттағы жұмысты 3 курстың күзгі семестрінен бастау енгізілді. Бұл мезетте студенттер зауытқа жетілген, жауапкершілігі мен міндеттілігі толыққанды кезеңде келеді де, күрделі мен қауіпті қондырғылармен танысуға дайын болады. Жұмыс берушінің осы ұсыныстары ескерілді, келісілді және тиісті өзгерістер оқу жоспары мен оқу үдерісі кестесіне енгізілді.