PhD докторантура, магистратура
- Қаралды: 276
Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс аясында 7М07222 – «Металлургия» БББ бойынша оқу мерзімі 2 жыл болатын магистрлер даярлануда.
2021-2022 оқу жылында 7М07222- «Металлургия» БББ бойынша 1 магистрант ғылыми-педагогикалық бағыттағы МХТ-21-6нр тобына түсті (Сәдірова Н.Қ.).
Магистрлік диссертациялардың тақырыптары:
- Сәдірова Н.Қ. - «Жезқазған байыту фабрикасының қалдықтарын қайта өңдеумен ферроқорытпаларды алу» Ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Каратаева Г.Е.
2021-2022 оқу жылында ДХT-21-6нр тобына 1 докторант (Маханбетова Б.А.) және ДХT-22(1)-6нр тобына 1 докторант (Синельников И.П.) оқуға түсті.
Докторлық диссертациялардың тақырыптары:
- Маханбетова Б.А. - «Шалқия кен орнының оксидті табиғи және сульфидті техногенді мырышқұрамды шикізатын кешенді өңдеу». Ғылыми жетекші, т.ғ.д., профессор Шевко В.М.
- Синельников И.П. - «Манганоферросиликохром қорытпасын алу арқылы ферромарганец және феррохром өндірісінің шаңдарын өңдеу технологиясы» Ғылыми жетекші, т.ғ.д., профессор Айткулов Д.Қ.
Білім беру бағдарламасын меңгеру барысында магистранттар мен докторанттар «Металлургия» кафедрасында жүргізілетін бюджеттік және қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысады. Магистрлік және докторлық диссертациялардың барлық тақырыптары бюджеттік және қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарына тікелей қатысты, Қазақстан үшін өзекті, олар түсті және қара металлургияның қиын байытылатын кендері мен қалдықтарын өңдеу мәселелерін шешуге бағытталған және 7М07222 – «Металлургия» және 8D07222- «Металлургия» білім беру бағдарламаларына сәйкес келеді.
powered by social2s