Кафедра тарихы
- Қаралды: 348
«Экология» кафедрасының тарихы
1973 жылы Қазақ КСР жоғары білім Министрлігі ҚазХТИ табиғи сулар мен өндірістік тастамаларды тазарту бойынша инженерлерді дайындау жайлы шешім қабылдады. Осы жылы «Бейорганикалық заттар технологиясы» кафедрасына 1217 мамандығы бойынша алғашқы студентер қабылданды.
1977 жылы Ш.М. Молдабековтың басшылығымен «Табиғи және ағынды суларды тазарту технологиясы» атты жеке кафедра болып бөлініп шықты.
Кафедра елдің инженер құрылыс жоғары оқу орындарының «Сумен қамту және канализация» факультетінің бітіруші-мамандарымен жинақталды: Новосибирь (В.И.Зрашевская), Мәскеу (Джанабаев Н.С.), Ленинград (Нурумбетов Н.С. және Камшыбаев А.А) жол – құрылыс институт (Дергачев П.П және Егорова О.В.). Кафедраға жұмыс істеуге келген кандидат науктар Кожевникова Г.И.,Прусова В.Н., Навесов Ш.А., Бестереков У.Б., Умарова Ж.А., Серманизов С.С және т.б.
1978 жылы табиғи және ағынды суларды тазарту технологиясынан бірінші бітіруші инжинерлер шығарылды. 1980 жылы кафедра атауы «Су ресурстарын ұтымды пайдалану және өндірістік ағынды суларды залалсыздандыру» деп өзгертілді. Осы мерзімде біздің кафедра Оңтүстік Қазақстан және Орта Азиядағы жалғыз профильді кафедра болып табылды. Мамандарды дайындау бойынша 50 кәсіпорынмен келісім жасалды. 12 жыл аралығында кафедра жыл сайын Өзбек және Қырғыз КСР үшін кооперациялы келісім бойынша 17 маман дайындайтын.
1989 жылы «СРҰП ж ӨАСТ» кафедрасының негізінде «Өндірістік экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы ұйымдастырылды және 2513 –«Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды қорғау» мамандығының екі специализациясы бойынша: «Су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау» және «Өндірістік экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» мамандықтары бойынша инженер-экологтарды қосымша түрде дайындауды бастады. Кафедра 2908 және 2513 мамандықтары бойынша Қарақалпақыстанның су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың басқармасының тікелей келісімін орындап отырды. 1999 жылдан бастап кафедра «Тіршілік қауіпсіздігі және экология» деп аталды, 1703 – «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша инженер-экологтарды мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындады. 2006 жылы кафедраны екі кафедраға бөлді: «Экология» және «ТҚ ж ҚОҚ».
2010 жылдық 24 қыркүйегінде «Экология» және «География» кафедралары «Геоэкология және табиғатты пайдалану» кафедрасы атауымен біріктірілді. 2014 жылдың тамыз айынан бастап кафедра «Экология» атауын қайта алды. Қазіргі таңда кафедра 5В060800 – «Экология» мамандығы бойынша бакалаврларды және 6М060800 – «Экология» мамандығы бойынша магистрларды дайындайды.