Кафедра тарихы
- Қаралды: 182
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. 16.11.2021 ж сағат 12:00 – де М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Тарих және педагогика факультеті «Мектепке дейінгі білім беру және бастауыш оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Манашахов Ерсұлтан Исатайұлының ұйымдастыруымен ТП 20-9К, ТП 20-10 -ТК топтарының ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздікке 30 - жыл тақырыбында» іс-шарасын өткізді.Іс - шараға,Факультет деканы Уразбаев Қ.М., Тәрбие жөніндегі декан орынбасары Г.Т. Малгайдарова, кафедра меңгерушісі Ермекбаев М.Ә., кафедра оқытушылары қатысты.Іс-шара жоғары сапада өткізілді.