Кафедра тарихы

      «Цемент, керамика және шыны» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-тің құрылымдық бөлімі ретінде түзілген күннен бастап және қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасында жалғыз ғана болып табылады, силикат кәсіпорны үшін және құрылыс өнеркәсібі үшін мамандарды дайындауды іске асырады.

Кафедра тарихы, Шымкент қаласында құрылыс материалдардың Институты ашылған күнінен, 1943жылдың маусым айынан басталады, ол өз құрамында тек бір ғана «Силикат технологиясы» факультетімен қызмет жасай бастады. Қазіргі кафедраның негізін 3 мамандандырылған кафедра қалады, силикатты материалдар өнеркәсібі үшін мамандандарды дайындауда соғыстан кейінгі он жылдықта шешуші рөл атқарды. Бұл кафедралардың мақсаты керамика, цемент және шыны технологиясын құру.

«Керамиканың және отқатөзімді химиялық технология» кафедрасы 1946 жылы негізделген. Кафедра құрылған күннен бастап оны В.Э.Сливко, А.А.Балакирев, М.И.Миркин, Н.Г.Рухлин, И.А.Грошев меңгерді. «Тұтқыр материалдардың химиялық технологиясы» кафедрасы 1949 жылы ашылды,кафедраны  М.П. Сытин, И.Г. Лугинина, К.К.Карибаев, С.В.Терехович, Б.Т.Таймасов меңгерді. «Шыны және шыны кристалл материалдардың химиялық технологиясы» кафедрасы 1955 жылы ұйымдастырылды, кафедраны С.Т.Сулейменов, Т.А.Абдувалиев меңгерді.

Осы кафедралардың жұмыс істеу жылдарынан бастап, оқу процесін ұйымдастыру негізі, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстары жасалды. Айтарлықтай жетістіктердің бірі проф.А.А.Балакирева, проф. И.Г.Лугинин жоғары температуралы процестері бойынша,  К.К.Карибаев беттік-белсенді заттар бойынша және академик С.Т. Сулейменова силикаттар технологиясы бойыншақұрылыс керамиканың қазақстандық ғылыми мектеп құру болып табылады. 

1955 жылы жоғарыда көрсетілген үш кафедра негізінде «Силикат технологиясы және минерал синтезі» кафедрасы ұйымдастырылды, қазіргі таңда «Цемент, керамика және шыны технологиясы». Құрылған кафедраның бірінші меңгерушісі Б.О. Есімов – г-м. ғ. д. Профессор болып табылады, Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік лауреат иегері (1995-2010г.г.), М.Ж.Айтуреев – т.ғ.к., доцент (2011-2012г.г.),  Ж.Т.Сулейменов – т.ғ.д., профессор (2012-2013г.г.), А.Ж.Альжанова – т.ғ.к., доцент (2014-2016г.г.), 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент М.Ж. Айтуреев болып табылады.

1943 жылы цементті, асбестцементті, кірпіш, шыны және басқа да зауыттар үшін кафедрамен шамамен 5 мың мамандар дайындалды, олардың көбісі бас және жетекші маман, жетекші және өндірістердің ұйымдастырушылары, атақты ғалымдар, министрлер, облыс әкімі, Мемлекеттік қызмет атқарушысы, Мәжіліс депутаттары, ресторлар және ҒЗИ директорлар қызметтерін атқаруда. Түлектердің арасында 30 аса ғылым докторы, 120 ғылым кандидаты және 10 еңбегі сіңірілген қайраткерлер:С.Т.Сулейменов, Ж.Е.Ендыбаев, Б.И.Нудельман, Ж.Т.Сулейменов, С.Ж.Сайбулатов, Б.П.Паримбетов, И.С.Ахметов, С.К.Кожамуратов, С.Г.Тамбетов, З.К.Турысбеков, Т.У.Искаков, Н.А.Абетаев, В.К.Классен, В.Д.Барбанягрэ, С.В.Терехович, В.Ф.Вернер, Д.А.Алдияров, Б.И.Ахметов, К.К.Кулекеев, З.С.Амирханов, Н.Т.Мусабеков, О.А.Мирюк, Б.М.Боркоев, А.В.Ячевский, М.С.Наумаганбетов, О.С.Кудайбергенов, Е.И.Кыстаубаев және т.б.

 


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.