Жетістіктер және жүлделер

 

 

КАФЕДРАНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Жалпы мамандық бойынша:

БЗХТ кафедрасы ҚР ЖОО 2019 ж. рейтингтік зерттеулері бойынша мамандарды даярлау деңгейлері НААР мәліметтерінен «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы келесі көрсеткіштерге ие болды:

ПОҚ бойынша:

1. Келесі оқытушылар университеттің 75 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің марапаттарына ие болды:

1

Сейтмагзимова Г.М. – т.ғ.к., профессор

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы сіңірген еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі. Куәлік № 502.

2

Тлеуов А.С. – т.ғ.д., профессор

Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы жетістіктері үшін «За заслуги в развитии науки РК» төсбелгісі. Куәлік № 261.

3

Бестереков У. – т.ғ.д., профессор

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі маңызды жетістіктері үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі. Куәлік № 870.

4

Сатаев М.С. - т.ғ.д., профессор

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы сіңірген еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі. Куәлік № 504.

2. 2019 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» атағын профессор Тлеуов А.С., доценттер Қошкарбаева Ш.Т. және Болысбек А.А. алды.

                                                                         

3. 2018 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша БЗХТ кафедрасы университеттің ең жақсы кафедрасы атанды және 70 мың теңге көлемінде сертификат алды.

                  

4. Профессор Джанмулдаева Ж.К. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың үздік профессоры атағын алды.

5. Докторлық білім бағдарламасы 2019 жылы наурызда Эразмус+ C3QA халықаралық білім беру жобасы аясында 5 еуропалық сарапшының қатысуымен БСҚТА агенттігінде аудиторлық аккредиттеуден сәтті өтті және БСҚТА аккредиттеу агенттігінен 5 жылдық аккредиттеу сертификатын алды.

  

 

Рейтинг БСҚТА бойынша:

5В072000- БЗХТ бакалавриат - 2-орын;                                          

6М072000-БЗХТ магистратура - 2-орын.

2018 жылдың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша университет кафедраларының ішінен «Үздік кафедра» номинациясында «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы 1-ші орынды иеленді!

2018 жылы 30 наурызда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде. 5В072000 мамандығының студенттері арасында республикалық пәндік олимпиадада М.Әуезов - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», біздің кафедраның студенттік құрамасы екінші орынды иеленді. Оқушылар командасы: Гигант А.Е., Қасым А.М., Клепиков В.А., Ярочкина В.И.

 Жетекші: Джанмулдаева Ж.К - т.ғ.к., «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының профессоры.

2018 жылы  наурызда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де СҒЗЖ Республикалық конкурс өтті,   «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»кафедрасы студенттері жүлделі орындарды иеленді:

І дәрежелі диплом –ХТ-15-1к1 тобы студенттері Маулен Айгерим, Мамадәлі Жанерке. Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., профессор Джанмулдаева Ж.К.

ІІІ дәрежелі диплом –  ХТ-14-1к1 тобы студенттері Икият Мөлдір, Алимханов Исламхан. Ғылыми жетекшілері- т.ғ.д., профессор Сатаев М.С., т.ғ.к., доцент Кошкарбаева Ш. Т.

ІІІ дәрежелі диплом –  ХТ-16-1к1 топ студенті Ешімқұл Алина.

Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент Болысбек А.А.


БЗХТ кафедрасының докторанты Арыстанова  Салтанат   Дауытбекқызын

6D072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша «Фосфорқұрамдас шламдарды тазалау үшін табиғи минералды шикізаттардан сорбенттерді алу технологиясын жасақтау»тақырыбында

философия докторы (PhD) дәрежесін ізденуге арналған диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және шығармашылық  табыстар тілейміз!

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Тлеуов А.С.

Ғылыми  кеңесшісі: т.ғ.д., профессор  Лавров Б.А., Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институты (техникалық университет), Санкт-Петербург  қ.,  Ресей.

БЗХТ кафедрасының ұжымы


  1. Кафедраның аға оқытушысы, «Қазфосфат» ЖШС НДФЗ директоры Франгулиди Л.Х. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша «2017 жылғы үздік инженер» медалімен марапатталды.

«БЗХТ» кафедрасы ҚР ЖОО 2018 ж. рейтингтік зерттеулері бойынша мамандарды даярлау деңгейлері НААР мәліметтерінен «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы келесі көрсеткіштерге ие болды:

Рейтинг НААР бойынша:

5В072000- БЗХТ бакалавриат - 2-орын;                                          

6М072000-БЗХТ магистратура - 2-орын;

6Д072000-БЗХТ РhD докторантура - 2-орын.

Рейтинг НКАОКО бойынша:

5В072000- БЗХТ бакалавриат - 1-орын;                                          

6М072000-БЗХТ магистратура - 1-орын.


«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының профессоры,  техника ғылымдарының докторы

САТАЕВ МАЛИК СЫВАМБАЙҰЛЫНА

 2017 жылғы

«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ»

атағының берілуімен шын жүректен құттықтаймыз.


Докторант П.А.Абдуразованы философия докторы (PhD) дәрежесін ізденуге арналған диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және шығармашылық  табыстар тілейміз.

Ғылыми жетекшілері: т.ғ.д., профессор Сатаев М.С.

                                   т.ғ.к., доцент Кошкарбаева Ш.Т.

Шетел кеңесшісі: Кардифф университетінің профессоры (Ұлыбритания),  доктор PhD Прокопович П.

БЗХТ кафедрасының ұжымы


             2017 жылдың 30 - 31 наурызы күндері «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасында 5В072000- «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша Республикалық студенттік олимпиада өтті.

Команда бойынша олимпиада жеңімпаздары: І орын – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Команда құрамы: Ергеш Мейргүл, Искакова Талшын, Батыржанова Зарина. ІІ орын - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Команда құрамы: Жұмабай Нұрсая, Жаулыбаева Малике, Шамуратов Темур. ІІ орын – Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет. Команда құрамы: Тұрсынов Нұрлыбек, Сейтжағыпарова Айжан, Нұртасов Шынғыс. ІІІ орын – Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Команда құрамы: Атаханова Ангелина, Темирова Айкерим, Абдраимов Алишер. ІІІ орын - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Команда құрамы: Слямов Ерғазы, Амержанова Камила, Блохина Кристина, Нурташова Мадина. ІІІ орын – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті. Команда құрамы: Имангалиева Асем, Хасанова Мерует, Плахотнюк Ольга.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз !

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының команда студенттерін І-ші орын алғандары үшін құттықтаймыз !


Бишімбаев Уалихан Қозыкеұлы

1946 жылғы 27 қазанда Оңтүстік Қазақстан обласы Түлкібас ауданының Т.Рысқұлов атындағы ауылында (бұрынғы Ванновка ауылы) туған. 1968 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. 1969-1972 жылдары - Д.Менделеев атындағы Мәскеу химия – технологиялық институтының аспиранты. 1973-1976 жылдары кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін Қазақ химия – технологиялық институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1976-1990 жылдары - Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институты Қызылорда филиалының директоры. 1990-1996 жылдары - Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтының ректоры. 1991 жылы Мәскеу химия – технологиялық институтында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады. 1996-1998 жылдары - Жамбыл университетінің ректоры. 1998-2001 жылдары - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры. 2001-2012 жылдары - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры. 2012 жылғы 20 ақпаннан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП мүшесі. «Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағын алған, ҚР білім, ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері. Үйленген, екі баласы және немерелері бар.


Молдабеков Шаяхмет

Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы 2005жылғы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 2007 жылы «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» грантының иегері. Сұйық және газдар механикасы саласындағы ғылыми жаңалық (диплом №438) авторы. Монғол Халық Республикасы Медалі, 1982ж. КСРО өнертапқышы, 1989ж. ҚР білім беру үздігі, 1993ж. «2003 ж ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «ҚР білім берудегі құрметті қызметкері». ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин» белгісімен марапаттады, 2011 ж 2005 ж ҚР Үкіметі қаулысымен ғылым, техника және білім саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығы тағайындалды. ҚР Білім және Ғылым министрлігі қаулысымен 2007 жылғы «ЖОО ең үздік оқытушысы». Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі шешімімен 2008 жылдың «Ең үздік ғалымы» болып танылды, 2008ж. 2007 жылғы «ЖОО ең үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері. Оңтүстік Қазақстан облысы медалі – «Оңтүстік Қазақстанға сіңірген еңбегі үшін», 2012 ж. «Табиғи және техногендік қайталама шикізатты қайта өңдеудің инновациялық технологияларын құру және ұйымдастыру» жұмысы үшін 2005 ж ҚР Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты. 2012 жылы Халықаралық ғылыми жаңалықтар авторы ассоциациясының шешімімен РФ академиясының медалімен наградталды.


Жантасов Курманбек Тажмаханбетович

Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік премиясының Лауреаты, 2007 жылдың «ЖОО үздік оқытушысы» 1986ж – КСРО Өнертапқышы 1995ж – ҚР Білім Министрлігінің студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік және Республикалық конкурсқа қатысқаны үшін алғыс 2005ж – "Создание и организация инновационных технологии переработки природного и техногенного вторичного сырья" жұмысы үшін ғылым, техника және білім саласында 16 қараша күнгі № 1131 бүйрығымен бекітілген Мемлекеттік премиясы 2005ж – Оңтүстік Қазақстанның «Үздік ғалымы» атағы 2006ж - ҚР Білім және Ғылым Министрлігі ұсынған «ҚР ғылымын дамыту бағытында жетістіктері үшін» кеуделік марапаттама 2007ж – «Үздік оқытушы» атағы МОН РК присуждено звание


 

ҚР Білім және Ғылым Министрлігі РОӘК үздік оқу-әдістемелік кешені конкурсының жеңімпаздары

27.05.2016 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігі РОӘКнің мәжілісінде өткен  БЗХТ мамандығы бойынша оқу-әдістемелік кешені конкурсына БЗХТ кафедрасының оқытушыларының 6 ПОӘК жүлделі орындарды жеңіп алды.

Магистратура бойынша:

1 орын – «Беттердің физикалық химиясы» пәнінің ОӘК, орыс тілінде. Т.ғ.д., профессор А.С.Тлеуов, PhD доктор Ж.М. Алтыбаев.

2 орын – «Көп компонентті жүйелерде фазалық тепетеңдікті тереңдетіп оқыту» пәнінің ОӘК, ағылшын тілінде. Т.ғ.к., доцент Г.М.Сейтмагзимова

3 орын – «Поликомпонентті минералды тыңайтқыштар өндірісіне арналған заманауи конструкциялық материалдар» пәнінің ОӘК, қазақ және орыс тілдерінде. Т.ғ.д., профессор М.С. Сатаев, т.ғ.к., доцент Ш.Т. Кошкарбаева

3 орын - УМКД по дисциплине «Сіңірімді фосфаттар мен нитраттардың инновациялық және дәстүрлі технологиясы» пәнінің ОӘК, қазақ және орыс тілдерінде. Т.ғ.к., доцент Ж.К.Джанмулдаева, т.ғ.к., доцент А.А. Кадирбаева.

Бакалавриат бойынша:

1 орын – «Жалпы химиялық технология» пәні бойынша ОӘК, қазақ тілінде. Т.ғ.к., доцент Ж.К.  Джанмулдаева.

3 орын- «Қазақстанның минералды шикізаттары» пәні бойынша ОӘК, ағылшын тілінде. Аға оқытушы М.М.Ескендирова.


2016  ЖЫЛЫ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ БАҒЫТЫ ЖӘНЕ ДЕҢГЕЙІ БОЙЫНША ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗ РЕЙТИНГ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы білім берудің барлық деңгейі бойынша 2016 жылғы АРТА (НААР) көрсеткішінде мамандарды дайындаудың бағыты және деңгейі бойынша ҚР ЖОО арасындағы рейтингті зерттеуде жоғары нәтижеге ие болды:

Бакалавриат: 5В072000 – БЗХТ, 3 - орын;

Магистратура: 6М072000 – БЗХТ, 3 - орын;

РhD докторантура: 6Д072000 – БЗХТ, 2 - орын.


Т.ғ.д., профессор Сатаев М.С. ОҚМУ-дың 70 жылдығы мерейтой медальмен және ОҚО Әкімінің «Еңбегін сіңіргені үшін» медальдарымен марапатталды (2013ж.).

Т.ғ.д., профессор Бестереков У.Б. Жаратылыстану ғылымдарының ресей академиясы Президумы және «Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік консорциум» марапаттаулары бойынша комиссиясы шешімдерімен «Dmitry Mendeleyev» медальмен марапатталды (хаттама №54, 7.04.2014ж.).

Т.ғ.д., профессор Жекеев М.К. «Білім берудің құрметті қызметкері» медальмен марапатталды (2015ж.).

Т.ғ.к., доцент Сейтмагзимова Г.М. «Университет деңгейінде химия және химиялық технологияны оқытудың әдістері» бағыты бойынша «European Chemistry Thematic Network» ассоциациясы ұйымдастырған «European Chemistry and Chemical Engineering Education Network» (EC2E2N 2 Project) Халықаралық білім беру жобасының орындалуына қатысады.

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы 2015-2019 жылдарға Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес (01.08.2014 жылғы №874 ҚР Президентінің Қаулысымен бекітілген) М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының базасында алғаш рет Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі басым салалар үшін жоғары білікті мамандар -  бейіндік бағыттағы магистрлерді «Поликомпонентті минералды тыңайтқыштарды синтездеу» білім бағдарламасы бойынша дайындау «жүзеге асырылуда.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.