Ашық форматта "Ауа сапасын жақсарту әрекеттері" тақырыбында дәріс

     2022 жылдың наурыз айының 3-4 күндері «Әлеуметтік-экологиялық қор» қоғамдық қоры Қазақстанда 2021-2022 жылдар аралығында «Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар» жобасын жүзеге асыру барысында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі, «Экология» кафедрасымен бірлесе отырып «Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар» тақырыбында ашық форматта дәрістер өткізді.
     Дәрістерде бүгінгі таңда Қазақстандағы ауаның ластануы кез келген адамның денсаулығына әсер ететін ең күрделі экологиялық факторлардың бірі болып табылатындығы және халықтың ол туралы хабардар болуы маңыздылығын ашып көрсетті. Жоба аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Өскемен қалаларында ауа сапасы бойынша ашық ақпараттар және жүргізілген ғылыми-зерттеулер нәтижелері баяндалды және нақты іс-шаралар ұсынылды. Дәрістердің ұзақтығы екі сағатты құрады.
     Дәріс жүргізушісі: ауа сапасы жөніндегі маман - Насиба Байматова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химиялық технологиялар бағытындағы 16 жыл еңбек өтілі бар ғылыми қызметкер – эколог.
Дәріске ғылыми қызметкерлер, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Дәрістер кезінде қоршаған ортаны қорғау, атмосфералық ауаның ластануы, ауа сапасын бағалау, ауа сапасын зерттеу, ауаның ластануын азайту механизмдері туралы толық ақпараттар беріліп, толғандырған сұрақтарға жауаптар алынды.

Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.