Жаңалықтар
Экологиялық слет өткізілді.
- Қаралды: 193
27.02.2020 жылы Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті және Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Экология» кафедрасымен «Еріктілер жылы» аясында қоғамдық ұйымдар, экологиялық белсенділер, еріктілер және студенттердің қатысуымен экологиялық слет өткізілді. Оған қалалық білім басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Жастар ресурстық орталығы және кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Шымкент қаласының экологиялық амбассадоры Н.Т.Байзақов және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушылары және студенттері қатысты. Слетте Шымкент қаласының экологиялық мәселелері, қалдықтарды бөліп жинау, су қорларының экологиялық мәселелері, полиэтиленді пакеттердің қоршаған ортаға зияны жөнінде баяндамалар жасалып, маңызды мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар қаламыздың экологиялық жағдайына атсалысып жүрген қоғамдық белсенділер, блогерлер қатысып аталған мәселелер бойынша қызу пікірталас өтті және бұл жоба өзінің жалғасын табатын болды.