«Жас ғалым-2018» ғылыми-инновациялық жобалардың аймақтық конкурсы

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының 2 курс докторанты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары - Жаникулов Нурғали  Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасында «Жас ғалым-2018» ғылыми-инновациялық жобалар байқауына қатысты. Конкурсқа барлығы 29 жасқа дейінгі тәуелсіз зерттеушілерден шамамен 60 өтініш түсті. Олардың ішінен ең табысты 10 ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды конкурстық комиссия таңдап, бағалады. Байқауға Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының ғылыми және білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Марапаттау рәсімінде М.Әуезов ОҚМУ Жас ғалымдар кеңесі төрағасы Бибол Жакипбаев белсенді атсалысты. Жамбыл облысы мен Тараз қаласының жастар бірлестіктерінің басшыларымен кездесу барысында 2019 жылы - жастар жылында ынтымақтастықтың өзара тиімді жолдарын талқылады. Конкурстың қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жас ғалымы, PhD докторанты - Нұрғали Жаникулов екінші орынды иеленді және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қолынан диплом және ноутбук алды.


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.