«Мұнай инжиниринг» жазғы мектебі

2018 жылдың 4-15 маусым аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасы «Мұнай инжиниринг» бойынша университет студенттері, магистранттар, мамандық бойынша оқытушыларға және өндіріс орындарында жұмыс жасайтын қызметкерлерге жазғы мектеп өткізді.

Жазғы мектепте 20 тыңдаушы, оның ішінде Атырау мұнай және газ университетінен 2 оқытушы, 8 студент және кафедра магистранттары дәріс алып, тәжірибе алмасып, инновациялық жаңа жобамен айналысты. Кафедра доценті, т.ғ.к. Танашев С.Т. дәріс оқыды, ал кафедраның аға оқытушысы Сарсенбаева А.У. лабораториялық сабақтар жүргізді. Студенттер көмірсутекті шикізатты терең өңдеу саласында білім алды. Сонымен қатар тыңдаушылар бос уақыттарында Шымкент қаласының көрнекті орындары мен Машат шатқалында орналасқан «Технолог» жазғы сауықтыру лагеріне саяхат жасады.

«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғарғы мектебінің  деканы Болысбек А.Ә. тыңдаушыларға салтанатты түрде мемлекеттік сертификаттар табыстады.

 

 

 


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.