«Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының өкілдері «ShymkentBuild-2018» 4-ші халықаралық құрылыс және интерьерлі көрмеде

2018 жылы наурыздың 13 мен 15 аралығында Шымкенттегі КМУ «Көрме орталығында» HVAC секторының және түрлі өнеркәсіптік құрал-жабдықтардың, тастардың, керамиканың, терезелік технология, құрылыс материалдары саласында бастапқы және бірден-бір кәсіби халықаралық көрме өткізілді.

Көрмені облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ашты. Ол салтанатты түрде өткізіліп отырған халықаралық құрылыс және интерьерлік көрменің маңызын атай отырып, қатысушылар мен келушілерге алғыс білдірді.

Оңтүстік Қазақстан өңірінің басшысы өз сөзінде Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа жолдауын атап өтті. Осыған орай, жақын болашақта, бірнеше жылдар бойы біздің облыста тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік нысандар және олардың инфрақұрылымдары тез арада салынады. Сонымен қатар, облыс басшысының сөзінен осы көрме міндетті түрде біздің өңірдің құрылыс өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосатыны аталды.

«Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының өкілдері, атап айтқанда, кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент М.Ж.Айтөреев, т.ғ.к., доцент А.С.Колесников, PhD доктор Б.Е. Жакипбаев, Техника және технология магистрі А.Б.Тағыбаев, жетекші ғалым-оқытушылар қатысты. Көрмеде 35-тен астам құрылыс салалары мен интерьерлерінің түрлі бағыттағы компаниялары ұсынылды. Компанияның қызметімен танысу барысында кафедра ғалымдары ақ цемент, құрғақ құрылыс қоспалары, керамика және басқа материалдар өндірісі аясында өзара бірлесіп халықаралық деңгейдегі алдын-ала келісім-шарт жасалды. Сонымен қатар, өзара зерттеу жұмыстарын жүргізу, профессор-оқытушылар құрамымен біліктілікті жоғарылату Қазақстан Республикасы Индустриалды-иинновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы – 2 аясында білім алушы магистранттардың қысқа мерзімді тағылымдамасы, 5В075300 - «Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы  студенттерінің кәсіби іс тәжірибелерінің барлық түрінен өту үшін халықаралық келісім шарттарды жасасу бойынша келісімдерге қол жеткізді.

Ұлт көшбасшысы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауына сәйкес, ОҚО «Нұрлыжер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылға дейін біздің көп ұлтты халқымыздың игілігі үшін 1 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға енгізу жоспарланды. Осыған орай, Шымкенттің біздің республикада үшінші мегаполис ретінде дамуы үшін «ShymkentCity» жобасы жүзеге асырылды.

Бұл құрылыс материалдар өндірісі, оларды алу үшін шикізат ресурстарын өндіру ретінде, құрылыс және балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы мамандықтары бойынша жоғары білікті кадрлар даярлау біздің өңірдің қажеттілігін түсіндіреді.

Заманауи әлемде цемент, керамика және шыны құрылыс «наны» болып табылады, біздің ЖОО базасында цемент, керамика және шыны білім беру бағыты бойынша Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы мамандарын даярлау үшін жоғарыда айтылғандар шеңберінде өзектілігі айқындалады.

«ShymkentBuild-2018» көрмесі аясында «Құрылыс саласында жаңа технологияларды ендіру» тақырыбында конференция өткізілді. Осы кезекте «ЦКжШТ» кафедрасының өкілдері мен көрмеге қатысушылар құрылыс және аралас салалар проблемалары мен ең өзекті мәселелерді талқылады.

«ShymkentBuild-2018» халықаралық көрмесі түрлі компания өкілдерінің шығарған өнімдері мен құрал-жабдықтарды көрсетуімен белсенді атмосферада өтті.


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.