"Үздік оқытушы 2016 жыл"

Мемлекеттік бюджет тақырыптары бойынша жүзеге асырылушы ҒЗЖ тақырыптары

 

Жоғары мектеп ПОҚ ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттарына М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2016-2022 жж.арналған жоспарына сәйкес мемлекеттік бюджет тақырыптары бойынша жүзеге асырылушы күрделі, қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау жатқызылады:

 

 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы:

Б-16-02-03 «Табиғи кен-минералды ресурстардан және өндірістің әртүрлі салаларының техногенді қалдықтарынан бейорганикалық қосылыстарды синтездеу өнімдерін алу және шикізатты байытудың баламалы-инновациялық технологияларын әзірлеу бойынша зерттеулер»;

 

 «Цемент, керамика және шыны технологиясы» кафедрасы:

Б-16-03-14 «Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасы және өндіріс қалдықтары негізінде силикатты және құрылыс материалдарының инновациялық және жетілдірілген технологияларын әзірлеу»;

 

 «Металлургия» кафедрасы:

Б-16-02-01 «Металлургия өндірісінің ресурс және қуат үнемдеуші технологияларын әзірлеу»

 

 «Химия» кафедрасы:

Б-16-03-06. Полимерлі БАЗ қатысында никелді, мырышты және мысты қаптамаларды электрохимиялық тұндыру технологиясын әзірлеу.

Б-16-03-07. Табиғи материалдар негізінде жаңа наноматериалдар алу және олардың физиологиялық, сүзгіштік және т.б.пайдалы қасиеттерін зерттеу.

Б-16-02-08. Мұнайгаз кешенінің қоршаған ортаны ластаушы қалдықтарын пайдаға асырудың ғылыми негіздері.

Б-16-03-09.  ҚР минералды шикізаттары және қалдықтары негізінде катализаторлар алу технологиясын әзірлеудің және оларды мұнайды дистиляттарды, ағынды суларды және газдарды тазалауда қолданудың ғылыми негіздері. 

Б-16-03-10.  Минералдық шикізаттар мен техногенді қалдықтарды құрамында құнды құрамдастары бар химиялық өнімдерді алуда кешенді түрде қайта өңдеу.

Б-16-03-11. Табиғи минералды тұздарды құнды өнімдерге қайта өңдеудің технологиясы және ғылыми негіздерін әзірлеу.

Б-16-03-12. Ұсынылған функционалдық қасиеттерге ие наноқаптамаларды алу.

Б-16-03-13.  Жергілікті шикізат ресурстары мен халық шаруашылығының зиянды қалдықтарын залалсыздандырудың электрохимиялық әдістерін қолдана отырып бейорганикалық және органикалық қосылыстарды электросинтездеудің қарқынды даму бағыттарын әзірлеу.

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы:

Б-16-03-02. Суда ерімтал полимерлер, депрессаторлар, мұнай және мұнай өнімдерінің қасиеттерін реттеуші қоспаларды алудың тиімді технологияларын әзірлеу.

Б-16-02-03. ҚР болашақты кенорындары мұнайларының құрамы және қасиеттерін зерттеу, олардың оңтайлы түрде қайта өңдеудің технологияларын әзірлеу.

Б-16-03-04. Жергілікті минералдық ресурстар және техногенді қалдықтарды қолдану арқылы эластомерлі композицияларды алудың технологиясын әзірлеу.

Б-16-03-05. МӨЗ қондырғылары мен құбырларын коррозиядан қорғаушы аралас қаптамаларды алудың технологиясын әзірлеу.

Б-11-04-07: «Өндіріс және транспорттағы заманауи экологиялық қауіпсіз технологиялар және олардың мониторингі».

 

Министрліктер және даму институттарымен қаржыландырылатын маңызды, қолданбалы және қатерлі зерттеулердің тақырыптары – 25

1. Дәстүрлі емес шикізат және қалдықтардың шикізатты қоспаларындағы клинкер түзілімінің төмен температуралы үрдістерін зерттеу. Қаржыландыру сомасы -  4,5 млн. теңге.

2.  Клинкерлі минералдардың тез қатаюшы төмен негізді цементтің негізгі қасиеттеріне жоғары температурада легирленуінің фазалық айналымының әсерін зерттеу. Қаржыландыру сомасы - 5,0 млн. теңге.

3. 12.02.2015 ж. № 68-31 келісім-шарты. «Фосфорқұрамдас шламдардан фосфорды бөліп алуға алюмосиликатты сорбенттерді қолдану». 2016 жылға қаржыландыру сомасы – 5 млн. теңге.

4. 2015ж. № 68-5 келісім-шарты  «Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ұзақ мерзімді әсері бар гумат құрамдас күрделі-аралас NPK-тыңайтқышын жүгері, сәбіз, қызанақ дақылдарында қолданғанда олардың токсикологиялық, радиологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық құрамдарын зерттеу». Қаржыландыру сомасы -  9,5 млн. теңге.

5. 12.02.15 ж. №68-33 келісім-шарты  «Газдарды аэрозольдерден тазарту технологиясын жетілдіру». 2016 ж. қаржыландыру сомасы – 5 млн. теңге.

6. 13.05.16 ж. №330-35 келісім-шарты  № 0630/ТФ4 жобасының тақырыбы бойынша: «Өндірістік жарылғыш заттардың экологиялық және қауіпсіз айналымының өндірісінде қолдану мақсатты пайдаға жаратылатын ату жарақтарынан босатылатын нитроцеллюлозалы оқ-дәрілердің жай-күйін зерттеу». 2016 жылға қаржыландыру сомасы – 6,5 млн. теңге.

7. 13.05.2016ж. №68-21 келісім-шарты.  055 «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық үрдіс», 101 бағдарламасы бойынша: «Карбонатты мырышқұрамдас кендерді ферробалқыма, кальций карбиді және мырышқұрамдас айдамаларды алудың қалдықсыз технологиясы». 2016 ж.қаржыландыру сомасы  - 8,3 млн. теңге.

8. 13.05.2016ж. №68-36 келісім-шарты.  055 «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық үрдіс», 101 бағдарламасы бойынша:  «Күндік» таза кремнийді (6N) алудың алюмотермиялық әдісін әзірлеу» 2016 ж.қаржыландыру сомасы – 4,5 млн. теңге,

9. №68-10 келісім-шарты «Биологиялық және химиялық белсенді функционалды ионофорларды алудың технологиясы». Қаржыландыру сомасы – 5  млн. теңге.

10. №68-21 келісім-шарты «Қоршаған ортаны жоюшы иондарды құртуға бағытталған гибридті материалдар құрамдастары түріндегі жаңа анионды рецепторларды алудың технологиясын әзірлеу». Қаржыландыру сомасы – 5  млн. теңге.

11. №68-47 келісім-шарты «Полимерлі ингибиторларды қолдана отырып сапалы металдық қаптамаларды (Zn, Ni, Cu)  алудың технологиясын әзірлеу». Қаржыландыру сомасы – 5  млн. теңге.

12. «Мұнай шламдарын кешенді түрде қайта өңдеудің технологиясын әзірлеу». Қаржыландыру сомасы -  4,5 млн. теңге.

13. «Спорттық және шатырлық қаптамаларды алуда реакцияға қабілетті олигомерлер негізінде композициялау әзірлеу». Қаржыландыру сомасы -  5 млн. теңге.

14. «Мұнай-газ құбырларын коррозиядан қорғауға арналған полимерлі композициялық материалдарды алудың технологиясын әзірлеу». Қаржыландыру сомасы -  4,5 млн. теңге.

15. «Мұнай, мұнай өнімдері мен өндірістік сулардың сапалық қасиеттерін арттыруда полифункционалды адсорбенттер алудың технологиясын әзірлеу». Қаржыландыру сомасы -  4,5 млн. теңге.

16. «Қазақстан мұнайларынан экологиялық таза тауарлы жанармай алу технологиясын әзірлеу». Қаржыландыру сомасы -  5 млн теңге.

17. «Май өндірісінің қалдықтарынан мұнай-газ саласы үшін жаңа тиімді материалдар алудың технологиясын әзірлеу». Қаржыландыру сомасы -  43,087 млн  теңге.

18. «Мұнай-химия және мұнай өңдеу өндірістерінің ақаба суларын тазалау жүйелерінің кешенді модернизациясы». Қаржыландыру сомасы -  3 млн. теңге.

19. «Оңтүстік Қазақстандағы полиметалды, фосфорқұрамдас, исвинцты-мырышты қалдықтарынан лантан, церий және неодивті биологиялық алудың әдістемесін жасау».  Қаржыландыру сомасы - 3 млн. теңге.

20. «Макроскопиялық жіптік жасыл балдырларды қолдану арқылы ластанған суларды тазартудың әдісін әзірлеу».  Қаржыландыру сомасы -  3 млн. теңге.

21. ЖШС ПКОП мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған бетондалған беттер мен жарықшаларды микробиологиялық тазартудың әдісін әзірлеу. Қаржыландыру сомасы -  3 млн. теңге.

22. «МӨЗ аймағында өсінділермен күрес әрекеттерін әзірлеу». Қаржыландыру сомасы -  3 млн. теңге.

23. «Химиялық және ферментативтік гидролитикалық гидролиз бен гидрлеу үрдістерін біріктіру арқылы ксилит пен сорбит алу мақсатында көміртекқұрамдас өсімдік шикізаты мен қалдықтарды терең түрде өңдеудің инновациялық технологиясын әзірлеу». 2016 ж. қаржыландыру сомасы -  5 млн. теңге.

24. «Диметилсульфоксидте ұсақ дисперсті мыс ұнтағын алудың электрохимиялық әдісін әзірлеу». 2016 ж. қаржыландыру сомасы -  5 млн. теңге.

25. «Жоғары тағамдық және биологиялық құндылығы бар жемісті-жидекті шикізаттардан дайындалған шырындардың әртүрлі түрлерінен ферменттелген сусындардың жаңа технологияларын әзірлеу». 2016 ж. қаржыландыру сомасы -  5 млн. теңге.

 

Халықаралық гранттар бойынша жүзеге асырылушы ҒЗЖ тақырыптары

Т.ғ.д., профессор Кедельбаев Б.Ш., б.ғ.к., доцент, “Биотехнология” кафедрасының меңгерушісі Сапарбекова А.А., т.ғ.к., доцент Мамитова А.Д. «IUCLAND Университеттердің еуро-азиаттық елдерде жерді қорғау саласындағы халықаралық ықпалдастық. 561841-ПОП-1-201 5-1-ИТ-EPPKA2-СВ HE-JP» халықаралық жобасына қатысуда. Жобаның консорциумы Малайзиялық университет (UNIMOL) бастаған Еуропа (ИТ, CR, SK), Орталық Азия (KG, KZ) және Қытай (CN) университеттері әріптес болып табылады. Жобаның идеясы жалпы зерттеу тақырыбын анықтай отырып әрбір тартылған территориялардағы жерлердің деградациялау мәселелерін бірігіп талқылаумен анықталады. Қаржыландыру сомасы 45 090 459 тг.

 

ҒЗЖ нақты қаржыландыру

ҒЗЖ қаржыландырудың жалпы сомасы 136 250 459 теңгені құрайды.

 

Маңызды ғылыми және шығармашылық нәтижелер

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жж. арналған Мемлекеттік Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «6М075300 – Қиын балқитын металл емес және силикатты материалдардың химиялық технологиясы», «6М072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «6М070100 - Биотехнология» оқу бағдарламалары бойынша техника және технология магистрлері дайындалуда.

Мемлекеттік Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес БЗХТ кафедрасы «Бейорганикалық қышқылдар мен тұздардың инновациялық технологиялары» бағыты бойынша 70 магистрантты оқыту грантын жеңіп алды.  

Назарбек У.Б. М.Әуезов атындағы ОҚМУ БЗХТ кафедрасында т.ғ.д., профессор Бестереков У. жетекшілігімен «Фосфорлық шламды тыңайтқыштық қолданыстағы мақсатты өнімдерге қайта өңдеудің технологияларын әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының негіздемесі алынды. 05.12.2016 ж.

 

 

2016 жылғы мамандарды дайындаудың деңгейі мен бағыты бойынша ҚР ЖОО рейтингтік зерттеулері нәтижесінде БЗХТ кафедрасы келесі көрсеткіштерге ие:

5В072000-БЗХТ бакалавриат-2237 балл 3-орын;        

6М072000-БЗХТ магистратура -153 балл 3-орын;

6Д072000-БЗХТ РhD докторантура -659 балл 2-орын.

27. 05.2016 ҚР БҒМ РОӘК отырысы аясында жүзеге асырылған БЗХТ мамандығы бойынша пәндік оқу-әдістемелік кешендердің конкурсының нәтижесінде   БЗХТ кафедрасының 6 оқытушысы жүлделі орындарға ие болды:

Магистратура бойынша: 1 орын – орыс тіліндегі «Беттердің физикалық химиясы» пәнінің ПОӘК. Т.ғ.д., профессор Тлеуов А.С., PhD доктор Алтыбаев Ж.М.

2 орын – ағылшын тіліндегі «Көп компонентті жүйелерді фазалық тепе-теңдіктерді тереңдетіп оқыту» пәнінің ПОӘК. Т.ғ.к., доцент Сейтмагзимова Г.М.

3 орын – қазақ және орыс тілдеріндегі «Поликомпонентті минералды тыңайтқыштар өндірісіне арналған заманауи конструкциялық материалдар» пәнінің ПОӘК. Т.ғ.д., профессор Сатаев М.С., т.ғ.к., доцент Қошқарбаева Ш.Т.

3 орын – қазақ және орыс тілдеріндегі «Сіңірімді фосфаттар мен нитраттардың дәстүрлі және инновациялық технологиялары» пәнінің ПОӘК. Т.ғ.к., доцент Джанмулдаева Ж.К., т.ғ.к., доцент Кадирбаева А.А.

Бакалавриат бойынша: 1 орын – қазақ тіліндегі «Жалпы химиялық технология» пәнінің ПОӘК. Т.ғ.к., доцент Джанмулдаева Ж.К. 

3 орын- ағылшын тіліндегі «Қазақстанның минералдық шикізаты» пәнінің ПОӘК.  Аға оқытушы Ескендирова М.М. 

Жоғары мектептің ПОҚ: профессор Назарбекова С.П. және доцент Тукебаева А.  «ЖОО үздік оқытушысы» грантына ие болды (ақпан, 2016 ж. Астана)

Жоғары мектептің ПОҚ: профессор Бейсенбаев О.К., доценттер Есимова А., Тасыбаева Ш. және Кадирбаева А., аға оқытушы Назарбек У. «ЖОО үздік оқытушысы» грантына ие болды (ақпан, 2017 ж. Астана)

Т.ғ.к., доцент Колесников А.С. – 2016 ж. Жас ғалымдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стипендиясының лауреаты.  

 

Зерттеу нәтижелерінің шығарылуы, конференциялара қатысу

Зерттеулер нәтижелері бойынша 404 басылым шығарылған.

 

Ғылыми монографияларды шығару

1. Монография. «Металлургиялық және мұнай-хмиялық қалдықтарды кешенді түрде қайта өңдеу». 2014. ж. Шымкент, 321 б. т.ғ.д., профессор Тлеуов А.С.

2. Беттік мыс-фосфорлы қаптамаларды алу және қолдану. LAP LAMBERT Academic Publishing , Saarbrucken, Германия, 2016, 100. Сатаев М., Кошкарбаева Ш., Абдуразова П.

3. Феррофосфордан фосфорды бөліп алу технологиясы және құрамында кремний, марганец және фосфор бар кешенді ферробалқыманы алу Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспа орталығы, 2016, 2014б. Шевко В.М., Сержанов Г.М., Лавров Б.А.

 

Зияткерлік жекеменшікті қорғау (патенттер, куәліктер)

Өнертабыстарға инновациялық патенттер мен ҚР патенттерін, өнертабыстарға инновациялық патенттер, авторлық құқық нысанына құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру туралы анықтамалар - 17.

 

Өндіріске енгізілген ҒЗЖ нәтижелері – 56, оқу үрдісіне – 109.


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.