Жаңалықтар
«Экология» кафедрасы «Асыл Ана» тақырыбында ашық тәлімгерлік сағат өткізді
- Қаралды: 218
04.03.2016 ж «Экология» кафедрасының ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күніне арналған «Асыл Ана» тақырыбында ашық тәлімгерлік сағат өткізілді.
1.Тәлімгерлік сағаттың мақсаты:
- студенттерді дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан,ананың мейрімінен таралатынын ұғындыру;
-студенттердің рухани адамгершілігін,тұлғалық қабілеттерін дамыту ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу;
— студенттердің ой-өрісін, танымын, анаға деген сүйіспеншілігі мен махаббатын одан әрі дамыту;
Начало формы
Конец формы
2.Күтілетін нәтиже:
- студент жастардың ата-анаға деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.
"Экология" кафедрасының ХТ-14-41к,4к2 топтарының тәлімгерлері: аға оқытушылар Ашитова Н.Ж., Еримбетова А.А. және топ студенттері «Асыл Ана» тақырыбында ашық тәлімгерлік сағат өткізді. Ашық тәлімгерлік сағатта тақырыпқа сай студенттер ән салып,би билеп, көрініс көрсетті. Ашық тәлімгерлік сағат жоғары деңгейде өтті.]