Оқу-ұйымдастыру жұмысы

Бакалавриат

                                        Көптілді оқытуды ұйымдастыру
        Көптілді білім беруді ағылшын тілінде оқытуды ұйымдастыру: студенттер контингенті,  БББ бойынша ағылшын тілінде оқылатын пәндердің   кадрлыққамтамасыз етілуі.

         2023-2024 оқу жылына арналған ағылшын тілінде білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін  6В05320-Химия,  6В07270 - Фармацевтикалық өндіріс технологиясы және 7M05320-Химия БББ бойынша үштілділік / ағылшын топтарының жоғары курстарына арналған жұмыс оқу жоспарлары жасалды.

    Келесі 2023-2024 оқу жылына  үштілділік топтар құру мақсатында, кафедраның үштілділік бағдарламасында оқуға тілек білдірген 1 курс студенттері 2023 ж. университет академиялық мәселелер жөніндегі департаменті  ұйымдастырған ағылшын тілінің деңгейін анықтауға арналған диагностикалық тестілеуден өтті.

    Қазіргі уақытта тестілеудің нәтижелері бойынша және студенттердің өтінішінің негізінде  Жоғары мектеп Деканының өкімімен ХТ -20-10тк  (9 студент) және ХТ-20-9тк (10 студент) тобы құрылды және келесі оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспары жасалған.

  2023-2024 оқу жылына арналған 6В05320-Химия бойынша ағылшын тілінде оқылатын пәндердің кадрлық қамтамасыз етілуі ХТ-20-10тк  тобы (12 студент)

2023 -2024 оқу жылына арналған 6В07270 – «Фармацевтикалық өндіріс техниологиясы» ббб бойынша ағылшын тілінде оқылатын пәндердің кадрлық қамтамасыз етілуі ХТ-20-9тр тобы (9 студент)

                                Дуалды оқытуды жүзеге асыру

2023-2024 оқу жылына Шымкент қаласының полиция департаментімен, Департамент басшысы генерал-майор Жумаханбетов Ералы Мусалиевичпен "Химия" білім беру бағдарламасының студенттеріне жасалған дуальды оқыту нысаны бойынша тәжірибелік оқыту мақсатында жасалған келісім шарт жаңартылуда.

Шымкент қаласы полиция департаментінің Жедел криминалистикалық басқармасы құқықтық бұзушылықтың химиялық сараптамасы бойынша жұмыс істейтін негізгі мекеме болып табылады және 6В05320 - Химия білім беру бағдарламасы бойынша білім алушының сот сараптамасы әдістеріне қойылатын талаптарды, заттар мен материалдарды сараптамалық зерттеу жүйесі мен әдістерін бағалау құзыреттілігін арттыруға ықпал ете алады.

Дуалды оқыту базасында студенттер заманауи доктилология, трассология, сот фотографиясы және т. б. бағдарламалары оқытылады және тәжірибе жинақтайды.

Жоғары мектепте дуалды оқыту нысанының жұмыс істеу тәжірибесін ескере отырып, Химия мамандығы бойынша 5 студент контингентімен ХТ-18-10дк тобы (жоғары мектептің өкімі) құрылды. ХТ-18-10дк дуалды тобы келесі форма бойынша өткізіледі: аптасына 3 күн ЖОО-да, 2 күн мекемеде. Жұмыс барысында студенттер сот сараптамасының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.

Оқу жоспарына сәйкес 4 курс студенттері мекемеде келесі пәндерден өтті: «Соттық сурет және сараптамасы», «Жарылғыш заттардың және жасанды жуғыш заттар сараптамасы», «Тауар және химиялық сараптама».

Дуалды оқытудың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі бойынша «Соттық сурет және сараптамасы», «Жарылғыш заттардың және жасанды жуғыш заттар сараптамасы», «Тауар және химиялық сараптама» пәндері бойынша дәрістер конспексі шығарылды және пәндер бойынша зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар полиция департаментімен бірлесіп әзірленді.

Департамент практикалық сабақтар өткізуге арналған бейне және орг. техникамен жабдықталған сот сараптамасы бойынша сараптамалық кабинеттерімен қамтамасыз етті. Бейінді пәндер бойынша практикалық сабақтарды ЖКБ полиция подполковнигі Н. Б. Кансейтов жүргізді.

«Химия және химиялық технология негіздері» кафедрасында 6В07270 – Фармацевтік өндіріс технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша дуалды білім беру жүйесін енгізу 2023-2024 оқу жылынан бастап ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда.

Магистратура
Академиялық ұтқырлық

Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.