Жаңалықтар
«Біздің таңдау маңызды» ұраны
- Қаралды: 193
«Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының ХT-12-7рa тобының студенттері Aсилова Малика және Пак Анна Прага Химия-технологиялық институтында (Прага) академиялық ұтқырлық бойынша ағымдағы семестр оқып жатыр.
«Біздің таңдау маңызды» ұранымен 26 сәуір 2015 жылы Қазақстаннан тыс жерде біздің студенттер азаматтық борышын өтеп Прагада Қазақстан елшілігінде дауыс беруге барды. Осылайша олар өз дауыстарын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа беріп сонымен қатар оған және М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің басшылығына академиялық ұтқырлық бойынша шетелде бір семестр оқып үйрену мүмкіндік алған үшін алғысын білдірді.