Жаңалықтар
«Нұр Отан» партиясының ХVІ съезі
- Қаралды: 179
«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінде 09.04.2015ж. сағ.12-00-де А-ғимаратының 127-дәрісханасында «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған 5 институционалдық реформасын насихаттау және түсіндіру жоғары мектеп деңгейінде қызу талқыланды. Осы өткізілген іс-шараға жоғары мектептің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері белсенді қатысып, 5 институционалдық реформаның жүзеге асуына бір ауыздан атсалысамыз деп шешім қабылдады.
«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінде оқу-үрдісінің әртүрлі салаларында атап айтқанда оқу процессі және спорттан университет деңгейіндегі факультет аралық спартакиадаға белсенді қатысып үздік нәтиже көрсеткен профессор-оқытушылар құрамы және студенттерін құттықтап марапаттау мақсатында жиналыс өтті.