Жаңалықтар
Шардара ауданында өткен "Ашық есік күні"
- Қаралды: 246
25 ақпан 2020 жылы «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі оқытушы- профессор құрамының кәсіби-бағдар беру жоспарына сәйкес Түркістан облысы Шардара ауданының мектеп бітірушілермен «Ашық есік» күні өтті
Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні т.ғ.д., профессор А.А.Анарбаев бастаған «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебіұжымы Түркістан облысы Шардара ауданының Шардара қаласынағы мектеп түлектерін Б.Соқпақбаев атындағы және Шардара ауданындағы мектеп түлектерін Ұзын-Ата ауылындағы Ұзын - Ата жалпы орта мектептерін бас қосу арқылы «Ашық есік» күнін ұйымдастырды.
«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің құрамындағы кафедралар ұжымының басшылары,атап айтқанда «Цемент, керамика және шыны технологиясы» кафедрасының меңгерушісі г.-м.ғ.д., профессор Б.О.Есимов,«БЗХТ» кафедрасының меңгерушісі: т.ғ.к., доцент, Г.М.Сейтмагзимова, «Металлургия» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор, В.М.Шевко, «Биотехнология» кафедрасының а-ш.ғ.к., доценті Б.Биғара, «Экология» кафедрасының меңгерушісіт.ғ.к., доцент, Ж.А.Шингисбаева,«Химия және ХТН» кафедрасының аға оқытушысы Б.М.Тастанбековжәне «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасының аға оқытушысы әрі университеттің кәсіби бағдар беру орталығының бөлім басшысы Н.Ш.Отарбаев осы іс-шараларға қатысты.
«Ашық есік» күніне М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Шығармашылық кәсіптер» факультетінің ұжымы белсенді түрде ат салысты, жоғарыда аталған мекептерде концерттік бағдарламамен өнерлерін көрсетті.
Кәсіби бағдар беру жұмысы концерттік бағдараламмен бастау алып, «ХИжБТ» ЖМ деканы А.А.Анарбаев басшылығымен Шардара қаласы мен ауданның мектеп бітірушілерге университеттің және жоғары мектептің күнделікті оқу бағдарламасын бейнелейтін және факультетте әзірленетін мамандықтары туралы бейне роликтер, презентациялар көрсетіліп, буклеттер мен материалдар таратылды.
Бұл іс-шараға қатысқан «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің құрамындағы кафедралар ұжымының басшылары мен мүшелеріоқушы түлектерге өз кафедраларында және университетте дайындалатын мамандықтар жайында толық ақпарттарды берді және оқушылар мен ұстаздардың көкейінде жүрген сұрақтарға толыққанды ауызша жауап берілді. Ашық есік күні суретке түсірілді (есепке қоса тігілді).