Жаңалықтар
"ХИ және Бт" ЖМ ҚР ҰҒА академиктері мен мектеп оқушылары қатысқан доңгелек үстел өткізді
- Қаралды: 219
18.05.2016ж күні 14:00-де М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ң «А» ғимаратының 127 дәрісханасында «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі мен Ғылыми зерттеу басқармасының Ғылыми және басылымдық қызмет интеграциясы бөлімі жанындағы «АРХИМЕД & Perpertuum mobile» кіші Академиясы бірлесе отырып Шымкент қаласы мектептерінің арасында инновациялық-ғылыми жұмыстармен байланыс жасау мақсатында «Жас ғалымдардың заманауи ғылыми зерттеулері мен білім беруде заманауи әдістер мен инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбы аясында «Жасыл экономика және ғылыми-техникалық прогрес» бағытында «Дөңгелек үстел» өткізілді.
Кездесуге ҚР ҰИА академигі, т.ғ.д., профессор Ш.М. Молдабеков, ҚР ҰИА академигі, т.ғ.д., профессор Қ.М. Исламқұлов, ҚР ҰЖҒА академигі, т.ғ.д., профессор А.Д. Дәсібеков, ф-м.ғ.к., доцент С.А. Рамазанова және т.ғ.д., профессор Б.Р. Арапов, ХИжБ жоғары мектебінің деканы т.ғ.к., доцент А.Ә. Болысбек және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ң профессор оқытушылары мен Шымкент қаласының мектеп оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары Ғалымдармен пікір алмасып сұрақ қойды. Ғалымдар оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп өз пікірлерімен бөлісті.
Кездесу соңында мектеп оқушылары университеттің материалдық-техникалық базасымен танысып зертханаларға экскурсия жасады.