Жаңалықтар
Университеттің қысқы сессияға дайындығына және сессияны өткізу ережелеріне арналған кездесу
- Қаралды: 422
Бүгін, 07.12.2022 ж. сағ 14.00 127А аудиториясында «Химиялық инженерия және биотехнология» ЖМ деканы т.ғ.к., доцент Айтуреев Мұрат Жарылқасынұлы 3 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге Тіркеу кеңсесінің директоры Болысбек А.А. және тіркеу кеңсесінің жоғары білікті маманы Абесова А.Ш., кафедра меңгерушілері мен топ тәлімгерлері де қатысты. Кездесуді ЖМ деканы Айтуреев М.Ж. ашып берді. Қысқы емтихан сессиясының басталатындығына тоқталып, емтихан тапсыру барысында қажетті ақпараттармен бөлісті. Қысқы естихан сессиясына университеттің дайындығын және сессияны өткізу ережелері туралы нақты мәлімет беру үшін кездесу қонағы Болысбек А.А. сөз ұсынды. Өз кезегінде Болысбек А.А. 2022-2023 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының ережелері мен ерекшеліктері туралы айтып өтті. 2022-2023 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы 19.12.2022ж.-06.01.2023ж. аралығында ұйымдастырылатындығы және қысқы емтихан сессиясына 25 баллдан жоғары жинаған және оқу ақысын толық төлеген студенттер жіберілетіндіне баса назар аударды. Қысқы емтихан сессиясында емтихандар тест, ауызша, жазбаша форматта өткізілетіндігін және осы емтихан формаларына жеке-жеке тоқталды. Жазбаша емтиханның қысқы емтихан сессиясында Ғылыми Кенес шешіміне сәйкес емтихан жауаптарының шынайылығы 40%-дан жоғары болатындығы туралы айтты. Сонымен қатар, емтиханға себепсіз келе алмаған және емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда бес мың теңге төлеп, емтиханды ақылы түрде қайта тапсыратындығын да ескертіп өтті. Кездесу соңында ЖМ деканы Айтуреев М.Ж. және ТК директоры Болысбек А.А. студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, алдыңғы қысқы емтихан сессиясына сәттілік тіледі.
powered by social2s