Жаңалықтар
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам"
- Қаралды: 402
Бүгін 05.09.2022жыл М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға «Рухани жаңғыру және Қазақстан Халқы ассамблеясы» орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Г.А. Жанысбекова және аталмыш орталықтың басқада өкілдері қатысты. Іс-шараны жоғары мектеп деканы М.Ж.Айтуреев ашты. Сонымен қатар, жоғары мектептен Б.О. Есимов, О.К.Бейсенбаев, А.А. Анарбаев, М.М. Нарманов, А.А. Утебаев, А.А. Сапарбекова сынды ғалымдар баяндама оқыды.
powered by social2s