Жаңалықтар
Металлургия кафедрасында 6 сәуір күні «Бос жұмыс орындары жәрменкесі-2022» өтілді.
- Қаралды: 327
Бүгінгі кездесуге кафедрамызға Шымкент қаласында орналасқан жетекші кәсіпорындардың басшылары мен мамандары келді. Кәзіргі таңда техникалық мамандықтарға сұраныс артып отырылғаны және өндіріс салаларын көбейтіп, дамыту мемлекетіміздің негізгі мәселесі болып отыр. Сондықтанда бұл ұйымдастырылып отырылған кездесудің мақсаты кафедра түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша өзекті мәселелерді талқылау.
Бұл іс-шараға шақырылған жұмыс берушілер:«SHYMKENT TEMIR» ЖШС бас технологы Джункабаев К.А.,«ASIAGREENTECH» ЖШС тех.директоры Маханбетов Марат Аярбекович, "KAZFERROGROUP" ЖШС директоры Юлдашев Хондамир Бахтиярович,«ТРИУМФ ММС» ЖШС зертхана меңгерушісі Маханбетова Бақтыгүл Алимжановна.
Алғашқы сөзді ЖМ түлектерін жұмысқа орналастыру негізгі мәселе деп қарап осы іс-шараны ұйымдастыруға себеп болып отырған «ХИ және Б» ж.м. деканы Айтөөреев Мұрат Жарылқасынұлына беріледі және Металлургия кафедрасының меңгерушісі Шевко Виктор Михайлович сөз алды.
Өз кезегімен жұмыс берушілерге сөз беріліп, кәзіргі уақытта бұл өндіріс орындарына мамандар қажет болып отырғанын айта өтіп, бос жұмыс орындарын ұсынды және келешек жоспарларымен бөлісті.