М. Әуезов атындағы ОҚУ БЗХТ кафедрасы және Бұхара инженерлік-технологиялық институты (Өзбекстан Республикасы) БЗХТ кафедрасы арасындағы халықаралық ынтымақтастық.

М. Әуезов атындағы ОҚУ, БЗХТ кафедрасының меңгерушісі Сейтмагзимова Г.М. 2021 жылдың 22-27 қараша аралығында ынтымақтастық туралы келісім-шартқа сәйкес Бұхара инженерлік-технологиялық институтына (Өзбекстан Республикасы) іс-сапармен келіп, ол жердегі БЗХТ кафедрасының студенттеріне "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" білім беру бағдарламасы бойынша дәрістер курсын оқыды.

   

   

 

М.Әуезов атындағы ОҚУ академиялық мәселелер жөніндегі департаменті кәсіптік стандарттар мен жаңа кәсіптер атласы негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларының тізбесін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.

2021 жылдың 1 сәуірінде "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" кафедрасы "Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" кафедрасымен бірлесіп әзірлеген "Минералды тұздар және агрохимия технологиясы" 7М07163 магистратураның жаңа пәнаралық білім беру бағдарламасы талқыланды. Жаңа білім беру бағдарламасы бойынша презентацияны БЗХТ кафедрасының меңгерушісі Сейтмагзимова Г. М. және БЗХТ кафедрасының доценті Қадырбаева А. А. дайындады.

Талқылауға білім беру бағдарламаларын басқару және лицензиялау орталығының басшысы, х.ғ.к., доцент Г. М. Адырбекова, "Химиялық инженерия және биотехнология" жоғары мектебінің деканы т.ғ.д., профессор А.А. Анарбаев, Аграрлық факультетінің деканы, б.ғ.к., доцент Г.И. Елибаева, "Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі, а/ш.ғ.к., Л.Есенгельдиева, "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" және "Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" кафедраларының оқытушылары  Якубова Р.Р., профессор Раисов Б.О., аға оқытушылар а/ш.ғ.к. Мурзабаев Б.А. және Жұлдызбаева С.Е. қатысты.

   

Жаңа бағдарламаның бірегейлігі оның пәнаралық және ауыл шаруашылығы дақылдары үшін тыңайтқыштарды өндіру және қолдану, мал шаруашылығында жемшөп құралдарын өндіру және қолдануды бақылау, агрохимиялық іс-шараларды жетілдіру және агрохимиялық өнімдерді химиялық сараптау салаларында, сондай-ақ ғылыми және педагогикалық салада интеграцияланған білімі мен дағдылары бар техникалық ғылымдар магистрлерін даярлауға бағытталуы болып табылады. Мұндай салалық қарым-қатынас магистранттардың әртүрлі салалардағы жетістіктер негізінде тез білім алу қабілетін дамытуға және өз саласында өзара байыту мен дамуды қамтамасыз етуге көмектеседі.

ББ 7М07163 - Минералды тұздар және агрохимия технологиясы БББ техника ғылымдарының магистрлері : тиісті кәсіпорындағы мамандану бөлімшесінің басшысы лауазымын, даму жөніндегі директор, бейорганикалық өндірістің инженер-технологы, ауыл шаруашылығындағы зертхананың бастығы, өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас агроном, ғылыми-зерттеу институттарындағы инженер-химик, жоғары оқу орындарында оқытушы қызметін атқара алады

   

Білім беру бағдарламасына «Химиялық инженерия және процестер» және «Топырақтану және агрохимия» бағыттары бойынша бакалавриат түлектері түсе алады.

 

Кардифф университетінің профессоры (Ұлыбритания) Полина Прокопович 2020 жылдың қараша - желтоқсан айларында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7М07162-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы білім беру бағдарламасының магистранттарына "Бейорганикалық қосылыстарды зерттеу әдістері" пәні бойынша дәрістер өткізуде.

   

   

 

«Сапасыз шикізатты өңдеу. Фосфор өндірісінің коксқа тәуелділігін төмендету» тақырыбындағы ашық дәріс сабағы

        2019 жылдың 30 қазан күні 14:00, 323А аудиториясында техника ғылымдарыны кандидаты, доцент С.Т.Тлеуованың ДХТ-19-2к тобында «Бейорганикалық заттардың инновациялық технологиялары» пәнінен «Сапасыз шикізатты өңдеу. Фосфор өндірісінің коксқа тәуелділігін төмендету» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Ашық дәріс барысында тақырыпқа сәйкес фосфор өндірісінің фосфатты шикізаттарын агломерациялау үрдісінде коксқа тәуелділігін төмендету мақсатында мұнайшламдарды қолданудың тиімділігі талқыланды. Дәрісті жүргізуде интерактивті дидактикалық материалдар, слайдтар қолданылды.

   

   

Мамандық рейтингісі

        2019 жылға арналған мамандар даярлаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша Қазақстан Республикасы университеттерінің рейтингтік зерттеулеріне сәйкес «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы келесі көрсеткіштерге ие:

БСҚТА рейтингісі бойынша:

5В072000- БЗХТ бакалавриат –2 орын;                                          

6М072000-БЗХТ магистратура–2 орын

 

Студенттер мен магистранттарды 2019 жылғы Республикалық студенттік ғылыми- зерттеу жұмыстары байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!

1 дәрежелі диплом - ХТ-16-1к2 тобының студенті Шахмардан Нұргүл. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Қошкарбаева Ш.Т.

1 дәрежелі диплом - МП-17-1а тобының магистранты Үсенова Айгерім. Ғылыми жетекшілер: т.ғ.к., профессор Сейтмагзимова Г.М., т.ғ.к., профессор Джанмулдаева Ж.К.

II дәрежелі диплом - МП-17-1к1 тобының магистранты Искакова Талшын. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Қадырбаева А.А.

 

 

Өзара ынтымақтастық  келісім шартына сәйкес 01.04- 12.04.2019 аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 12 магистранты БЗХТ кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

 2019 жылы 28-29 наурызда Әл-Фараби ат.ҚазҰУ университетінде БЗХТ мамандығының студенттері арасында XI Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға 5В072000- «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 3 курс студенттерінің ішінен 2 топ қатысты. Нәтижесінде ХТ-16-1р тобының студенттері Асанова Ж., Абилахан А., Зияддинова З. олимпиадада 3-ші орын алды. Жетекші: т.ғ.к., профессор Джанмулдаева Ж.К.

 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы жеңімпаздарды құттықтайды және мақтан тұтады!

  

 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты іс-шараны 22.11.2018 ж күні сағат 11:45 те 127 А ғимаратында үлкен ашық тәрбие сағатын өткізді. БЗХТ аға тәлімгерлері А.С.Таубаева, Қ.Аманбаева ұйымдастырумен 2 курс ХТ-17-1к, ХТ-17-1а және 1 курс ХТ-18-1к, ХТ-18-1а топтары қатысты. Іс-шара қонақтары ХИжБ жоғары мектебінің деканның орынбасары Н.Сарыпбекова, БЗХТ кафедрасының меңгерушісі Г.М.Сейтмагзимова және БЗХТ кафедрасының оқытушылары және басқа кафедраларының оқытушылары мен студенттері қатысты. Бұл іс шарада   өнерлі студенттері ән айтып, би билеп, өлең жырларын арнады, сонымен бірге, әртүрлі ойындар ойнатылып, өз өнерлерін көрсетті.

2018 ж 6-7 желтоқсан аралығында Астана қаласында Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасының ХТ-16-1р тобының студенті Асанова Ж.К «Рухани жаңғыру:Болашаққа бастар жол» атты семинар-тренингіне қатысып, оқу курсынан өткені үшін сертификат алды.

 

Әріптестерді жеңіспен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа жетістіктер,  шығармашылық табыстар тілейміз!

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы өзінің жеңімпаздарын мақтан тұтады және үздіктердің ішінен үздіктерді құттықтайды!

         «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2018»

Аты жөні

Ғылыми дәрежесі

Атқаратын қызметі

1

Қошқарбаева Ш.Т

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының доценті

2

Тлеуов А.С.

Техника ғылымдарының докторы, профессор

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының профессоры

3

Болысбек А.А.

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының доценті

ҚҰТТЫҚТАУ!!!

Арыстанова  Салтанат   Дауытбекқызын

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2018 жылғы 24 қазандағы №1744 бұйрығымен  философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуымен құттықтаймыз!

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., БЗХТ кафедрасының  профессоры  Тлеуов А.С.

Ғылыми  кеңесшісі: т.ғ.д., профессор  Лавров Б.А., Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институты (техникалық университет), Санкт-Петербург  қ.,  Ресей Федерациясы.

Шығармашылық  табыстар тілейміз!

 

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы » кафедрасының    ұжымы

 

 

«Жас ғалым-2018» ғылыми-инновациялық жобалардың аймақтық конкурсы

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының 2 курс докторанты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары - Жаникулов Нурғали  Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасында «Жас ғалым-2018» ғылыми-инновациялық жобалар байқауына қатысты. Конкурсқа барлығы 29 жасқа дейінгі тәуелсіз зерттеушілерден шамамен 60 өтініш түсті. Олардың ішінен ең табысты 10 ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды конкурстық комиссия таңдап, бағалады. Байқауға Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының ғылыми және білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Марапаттау рәсімінде М.Әуезов ОҚМУ Жас ғалымдар кеңесі төрағасы Бибол Жакипбаев белсенді атсалысты. Жамбыл облысы мен Тараз қаласының жастар бірлестіктерінің басшыларымен кездесу барысында 2019 жылы - жастар жылында ынтымақтастықтың өзара тиімді жолдарын талқылады. Конкурстың қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жас ғалымы, PhD докторанты - Нұрғали Жаникулов екінші орынды иеленді және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қолынан диплом және ноутбук алды.

123


А.С.Сейтмагзимов атындағы зертхананың ашылуы

Университеттің 75 жылдық мерейтойына және БЗХТ кафедрасының 55 жылдығына «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының негізін қалаушы Сейтмагзимов Адеп Сеитмагзимович атындағы 308А оқу зертханасы ашылды.

 


Аккредитация лабораторий

Магистранттарды дайындау үшін заманауи аналитикалық құралдармен жабдықталған 2 зертхана құрылды.

2018 жылы «Поликомпонентті минералды тыңайтқыштарды синтездеу» және «Бейорганикалық қышқылдар мен тұздар технологиясы» зертханаларына ГОСТ ИСО /МЭК 17025-2009 сәйкес аккредиттеу өткізілді және 2018 жылғы 19 сәуірде ҰАО оң қорытындысын растады және М.Әуезов атындағы  ОҚМУ-нің ХПИиСМ сынақ орталығы құрамындағы  екі зертхана  аккредиттеу туралы куәлікті алды.

  


Мамандықтар рейтингі

«БЗХТ» кафедрасы ҚР ЖОО 2018 ж. рейтингтік зерттеулері бойынша мамандарды даярлау деңгейлері НААР мәліметтерінен «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы келесі көрсеткіштерге ие болды:

Рейтинг НААР бойынша:

5В072000- БЗХТ бакалавриат - 2-орын;                                          

6М072000-БЗХТ магистратура - 2-орын;

6Д072000-БЗХТ РhD докторантура - 2-орын.

Рейтинг НКАОКО бойынша:

5В072000- БЗХТ бакалавриат - 1-орын;                                          

6М072000-БЗХТ магистратура - 1-орын


2018 жылдың 29 - 30 наурызы күндері «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасында 5В072000- «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Команда бойынша олимпиада жеңімпаздары:

І орын- академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Команда құрамы: Рыстин Диас Хайруллаевич, Қилыбай Мүслім Әнуарұлы, Рүстем Алия Еркинқызы, Сейтжан Райхан Сарсенқызы.

Жетекшілері: Байкенов М.И. – т.ғ.д., профессор,

Татеева Алма Баймаганбетовна - «Химиялық технология және мұнайхимия» кафедрасының профессоры.

ІІ орын - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Команда құрамы: Гигант Айкүн Елубайқызы, Қасым Аида Маратқызы, Клепиков Владислав Александрович, Ярочкина Валерия Игоревна.

Жетекші: Джанмулдаева Жаныл Кемаладиновна – т.ғ.к., «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының  профессоры.

ІІ орын - Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

Команда құрамы: Бекназаров Канат Исатайулы, Ергешев Аким Русланович, Жумабай Нурсая Ерланқызы.

Жетекші: Тасибеков Хайдар Сулейманович, «Аналитикалық, коллойдты химия және сирек элементтер технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент

ІІІ орын - Қоркыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.

Команда құрамы: Мағауия Салтанат Бекетқызы, Серікбекова Динара Серікбекқызы, Сайын Асель Шарапатқызы.

Жетекші: Жиенбаева Лаззат Бекзатовна – «Экология және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы.

ІІІ орын - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

Команда құрамы: Елеукен Айжан Рысбекқызы, Балтабаева Диана Ғабитханқызы,

Руководитель:  Садиева Халипа Рыскуловна, «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті, т.ғ.к.

ІІІ место – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.

Команда құрамы: Жұмабай Инзара Біржанқызы, Копытова Анастасия Андреевна, Постолова Виктория Александровна.

Жетекші:  Масакбаева Софья Руслановна  – т.ғ.к., ассоц. проф.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз !

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының команда студенттерін  ІІ -ші орын алғандары үшін құттықтаймыз !


5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандыңында оқитын 2 курс ХТ-16-1ра тобының студентті Абдумалик Айнура көктемгі семестрді Чехия, Прага қаласы Химия технология университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға бағытталды.


«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының профессоры,  техника ғылымдарының докторы

САТАЕВ МАЛИК СЫВАМБАЙҰЛЫНА

 2017 жылғы

«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ»

атағының берілуімен шын жүректен құттықтаймыз.


Докторант П.А.Абдуразованы философия докторы (PhD) дәрежесін ізденуге арналған диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және шығармашылық  табыстар тілейміз.

Ғылыми жетекшілері: т.ғ.д., профессор Сатаев М.С.

                                   т.ғ.к., доцент Кошкарбаева Ш.Т.

Шетел кеңесшісі: Кардифф университетінің профессоры (Ұлыбритания),  доктор PhD Прокопович П.

БЗХТ кафедрасының ұжымы


"Ашық есік күні"

«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің  «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мен «Химия және химиялық технология» кафедралары ұйымдастырумен  2017 жылы  қарашаның 21 жұлдызында   «Ашық есік» іс-шарасы өтті. Бұл  іс-шараға қаламыздың 30 орта  мектептерінің «Химия» пәнін таңдаған 11 сынып  оқушылары қатысты.

Іс-шараны  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың оқу-әдістемелік бірлестік бойынша проректоры т.ғ.д., профессор Сабырханов Дархан Сабырханұлы ашып, сөз алды: Сіздер үлкен өмір табалдырығын аттап, мамандық таңдау сәтінде тұрсыздар. Мәртебелі мамандық, жеке өзіңізбен қоғамның баға жетпес байлығы деп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі техникалық  мамандықтарды меңгеруге көмек беруге әзір деп, мамандықтар туралы айтып өтті.

«Химиялық инженерия және биотехнология» ЖМ деканы т.ғ.к.,доцент А.Ә.  Болысбек, «БЗХТ» кафедра меңгерушісі Г.М. Сейтмагзимова , «БЗХТ» профессорлары  Ү.Бестереков, Қ.Т. Жантасов, М.С.Сатаев сөз сөйлеп, елімізге химия саласынан мамандықтар керек екенін, бұл мамандықтардың болашағын, осы мамандықтарды бітіріп жетістіктерге жеткен ғалымдарымызды, әріптестерімізді атап айтып өтті. Кафедраның МП-16-1а  тобы магистранты Жанбосынова Жібек  пен ХТ-14-1а тобы студенті Жанатай Ақмарал Чехия қаласындағы технологиялық университетте семестр оқып , біліктіліктен арттырып келгенін айтып, химия саласын өте ұнататынын айтып өтті.Оқушылар  түйіндеген сұрақтарын беріп, пікірталас болды.

Іс-шарада жастардың жан тебірентер әсем әндері мен көз тоймайтын билері, «Көңілділер мен тапқырлар»  көріністерімен   бітірушілерді  күлдіріп ,көңілдерінен шықты. Кафедраның 312 А  зертханасында және 308А зертханасында студенттер таңғажайып тәжірибелерін көрсетіп, оқушылыарды қызықтырды.

«Ашық есік» іс-шарасы - өте маңызды іс-шара. Біріншіден, бұл- отандық білім беру саласына қосылатын үлес, ал екіншіден, Қазақстанда болашақта химия мамандықтары бойынша кадрлық потенциалды қалыптастыру.


ҚҰТТЫҚТАУ ! «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы САТАЕВ МАЛИК СЫВАМБАЙҰЛЫНА 2017 жылғы «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» атағының берілуімен шын жүректен құттықтаймыз.


«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының РhD-докторанты Перизат Адильбековна Абдуразованы философия докторы (PhD) дәрежесін ізденуге арналған диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз. Ғылыми жетекшілері: т.ғ.д., профессор Сатаев М.С. т.ғ.к., доцент Кошкарбаева Ш.Т. Шетел кеңесшісі: Кардифф университетінің профессоры (Ұлыбритания), доктор PhD Прокопович П. БЗХТ кафедрасының ұжымы


«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының РhD-докторанты

НАЗАРБЕК УЛЖАЛҒАС БАҚЫТҚЫЗЫН

Докторлық диссертациясын жоғары деңгейде қорғағаны үшін

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!!

Ғылыми жетекшілері: т.ғ.д., профессор Бестереков Ү.Б.,

Д.И.Менделеев атындағы РХТУ профессоры, т.ғ.д. Петропавловский И.А.

Алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз.

 «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің деканаты, БЗХТ кафедрасы


Хабарландыру!

2016 жылы мамыр айының 16 жұлдызында сағат 1500-дe  «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасында ғылыми семинар өтеді:

Күн тәртібі:

6D072000 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының PhD докторанты Б. Омаровтың диссертациялық тақырыбы «Гуматқұрамдас  кешенді минералды тыңайтқыш алудың инновациялық технологиясын әзірлеу»   бойынша есебі


Хабарландыру!

2016 жылы сәуір айының 26 жұлдызында сағат 1030-да «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасында ғылыми семинар өтеді:

Күн тәртібі:

6D072000 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының PhD докторанты А. Азимовтің диссертациялық тақырыбы «Табиғи және өнеркәсіптік  суларды мембраналық тазалау әдістерімен тұзсыздандыру технологиясын  құрастыру»   бойынша есебі


 2016 жылдың 2 сәуірінде Шымкент қаласындағы Опера және Балет Театрында өлең авторы «Шымкентбард» I қалалық фестивалі өтті. Бұл қызықты ісшараның өтуіне қолдау көрсеткен Қалалық Әкімшілік. Өлең авторы конкурсына 27 конкурсант қатысты. ХТ-12-1ра1 тобының студенті Бисенова Диана «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша 1 орын және «Үздік өлеңнің авторы» номинациясы бойынша 2 орынды иеленді. Ол дипломдармен және ақшалай марапатталды. Кафедра ұжымы біздің талантты студентімізді конкурстағы жеңісімен құттықтайды және шығармашылықта табыстар тілейді.



2016 жылдың 29-30 наурыз күндері аралығында Тараз қаласында М.Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде 5В072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша студенттер арасындағы VIII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі, «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының студенттерінен құралған «Инновациялық химиялық технология» тобы қатысты. Топ жетекшісі техника ғылымының докторы, профессор Қ. Т. Жантасов және 5В072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 3 курс студенттері Сұлтан Н. З. (ХТ-13-1к4 тобының студенті), Ан Е. Р. (ХТ-13-1р1 тобының студенті) және Айтөре Б. Ғ.  (ХТ-13-1к1 тобының студенті).

Студенттер арасындағы VIII Республикалық пәндік олимпиадада жалпы қатысқан 8 жоғары оқу орны командалар ортасынан «Инновациялық химиялық технология» тобы 1 орынға, ал бірінші және екінші  тур нәтижелері бойынша Айтөре Б. Ғ. – I орынды, Ан Е.Р. – II  орынды және тобының студенті Сұлтан Н. З. - III орынды иеленді.


«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасыныңмамандығының оқытушы құрамы (Айтуреев М.Ж., Болысбек А.А., Сейтмагзимова Г.М. Алтыбаев Ж.М., Қадірбаева А.А., Қамбарова Г.А., Назарбек Ұ.Б..) ИИДМБ-2 білім беру бағдарамасын жүзеге асыру аясында Мюнхен техникалық университетінде (Германия, Мюнхен қ.) 2.02-14.02.2016 күндер аралығында тағылымдамадан өтті. 

Тағылымдаманың жоспары бойынша оқытушы құрам 40 сағаттық дәріс тыңдау нәтижесі негізінде сертификат алды.

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының профессор-оқытушы құрамыМюнхентехникалықуниверситетінде

Музбург қаласындағы бентонитті шикізат минералынан «Тонзил» адсорбентін алатын «Клариант» және Бургхаузен қаласындағы химиялық өнімдер саласында 100 жылдық тарихы бар «Уэккер» зауыттарымен танысу (Германия)


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінде  2015 жылы қазан айының 24 нен 27 аралығында жаратылыстану, техникалық ғылымдары бойынша  т.ғ.к., доцент Ә.С.Сейтмагзимовтың 85 жылдығына және т.ғ.д., профессор И.Қ.Сатаевтың 75 жылдығына арналған студенттердің 19-шы ғылыми конференциясы өтті. «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» секциясы бойынша 36 баяндама жасалынды. Олардың ішінен келесі студенттер марапатталды:

1 орын:

  • Самуратова Нурсауле – ХТ-12-1к9 тобының студенті. Баяндама тақырыбы «Қорғасынды беттерді химиялық никельдеу поцесін өңдеу».

2 орын:

  • Махмут Жансая Айтмұратқызы  –  ХТ - 12- 1к1 тобының студенті. Баяндама тақырыбы «Табиғи тас тұзды тазалау мүмкіндіктерін зерттеу».
  • Кожан Айгерим - ХТ-12-1к9  тобының студенті. Баяндама тақырыбы «Металл және металл  емес материалдарға мыс және күміс құрамдас қаптамаларды фотохимиялық әдіспен алу».

3 орын:

  • Искакова Талшын - ХТ-13-1к1 тобының студенті. Баяндама тақырыбы «Кешенді органоминералды тыңайтқыштар өндірісінің технологиясы».
  • Ілебай Айдана Илдарқызы -  ХТ - 12- 1к4 тобының студенті. Баяндама тақырыбы «Қақталынған соданы Арал тұздарынан және Састөбе әк тасынан алу технологиясын зерттеу».
  • Ергеш Мейіргүл - ХТ-13-1к4 тобының студенті. Баяндама тақырыбы «Титан оксиді негізінде наноұнтақ алу мүмкіндіктерін зерттеу».

 

Сонымен қатар 18 студент әртүрлі номинациялармен марапатталды. 

 

2015 жылдың 7-20 желтоқсан аралығында «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің профессоры, техника ғылымының докторы Петропавловский Игорь Александрович ИИДМБ-2 шеңберіндегі «Поликомпонентті минералды тыңайтқыштар синтезі» оқу бағдарламасы бойынша 6М072000 -  «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бейімдік бағытта білім алатын магистранттарға «Көпкомпонентті жүйелердегі фазалық тепе-теңдіктерді тереңдетіп оқыту» пәнінен дәріс сабақтарын жүргізеді. 

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінде 20015 жылы қарашаның 24-26 жұлдыздары аралығында жаратылыстану, техникалық ғылымдары бойынша  «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының бірінші меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ә.С. Сейтмагзимовтың 85-жылдығына және т.ғ.д., профессор И.Қ.Сатаевтың 75 жылдығына  арналған студенттердің 19-шы ғылыми конференциясы өтеді.


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.